Самал Қабышева: «Денсаулықты кейінге ысыруға болмайды»

Әйелдер денсаулығы

Белгілі тележурналист, Ақпарат саласының үздігі Самал Қабышева үнемі керемет көңіл-күйде жүрудің сырымен бөлісті.

Оның айтуынша, әйел адам ең алдымен өз энергиясын сақтауды үйренуі керек. Күнді жақсы көңіл-күймен бастау, өзіңе уақыт бөлу, әсем ән тыңдап, жан дүниеңізді тыныштандыру – ішкі тепе-теңдікті сақтаудың маңызды бөлігі. Әйел сонысымен де әйел.

– Әр күнімді жаңа үмітпен, жаңа мотивациямен қарсы аламын. Адам өмірге қандай көңіл күймен қараса, күні де соған байланысты өтеді, – дейді Самал Қабышева.

Тележурналистің сөзінше, әйелдің ішкі эмоциясы оның денсаулығына да, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына да тікелей әсер етеді.

– Әрбір әйел нәзіктіктің символы болуы керек. Адамның ойы өте жүйрік. Сондықтан мүмкіндігінше позитив ойлау керек. Егер өзіңізді жақсы көрсеңіз, жақсы ойлауға тырысыңыз. Негатив эмоция адамның ішкі жай-күйіне әсер етеді, – деді ол.

Сондай-ақ Самал Қабышева әсем ән мен жақсы музыканың да адам психологиясына оң әсер беретінін айтты.

– Әсем ән мен жақсы музыка шаршағанды басып, ойды жинақтауға көмектеседі. Айналаңдағы адамдар туралы да жақсы ойда болуға тырысу керек. Әр күніңіздің қалай өтетіні көп жағдайда өзіңізге байланысты, – деді тележурналист.

Сұрақ-жауап барысында ол кейде қатты шаршағанда тыныштық пен жалғыздықтың да адамға қажет екенін атап өтті.

ТЫНЫШТЫҚ. Қатты шаршағанда тыныштық, жалғыз қалғанды ұнатамын. Басында киын. Түрлі ой келеді. Бірақ ештеңе ойламауға тырысу керек. Осы үнсіз тыныштықтан кейін, ойым сергіп, демалып қаламын.

Сондай-ақ ол әйел денсаулығына немқұрайлы қарамау қажеттігін де еске салды.

– Егер денеңіздің бір жері дабыл қағып тұрса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Денсаулықты кейінге ысыруға болмайды, – деді Самал Қабышева.

Вам понравилась статья? Оцените её!
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру