Қатерлі ісік бүкіл әлемде әйелдер денсаулығына төнген ең ауыр қатерлердің бірі болып қала береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісік түрлері жатыр мойны обыры мен сүт безі обыры болып саналады.
Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1800-ден астам, жатырдың 1100-ден астам, аналық без обырының 1120 жағдайы тіркеледі. Бұл аурулар жүздеген адамның өмірін қияды: жыл сайын 600-ге жуық әйел жатыр мойны обырынан, 230-ы жатыр ісігінен, 450-ге жуық әйел аналық без обырынан көз жұмады. Сонымен қатар, науқастардың көпшілігі репродуктивті жастағы адамдар, сондықтан мұны тек медициналық емес, әлеуметтік проблемалар қатарына қосуымыз керек.
Оның үстіне, әйелдер денсаулығының проблемасы онкологиядан әлдеқайда асып түседі. Ол мәселелердің кең ауқымын қамтиды: репродуктивті және эндокриндік денсаулықтан бастап, денсаулық сақтау мен әйелдердің хабардар болуына дейін.
Қазақстандық әйелдердің өз денсаулығы туралы хабардар болуын жақсырақ түсіну үшін біз Астана көшелерінде шағын сауалнама жүргіздік. Респонденттердің 44%-ы ғана әйел денсаулығына нақты анықтама берді, 30%-ы толық дұрыс емес жауап қатты, ал 26%-ы мүлде жауап бере алмады. Бұл деректер респонденттердің барлығының осы салада жеткілікті білімі жоқ екенін көрсетеді.
Гинекологқа бару статистикасы келсек, сауалнамаға қатысқан әйелдердің 13-ы жылына бір рет профилактикалық тексеруден өтетіндерін айтты. Тағы 10 адам 1,5-2 жылда бір рет дәрігерге барады, ал 3 респондент белгілі бір аралықты атай алмады. Профилактикалық тексерулердің бұл деңгейі әлі де жеткіліксіз.
Мәселенің қосымша көрсеткіші ақпараттың қолжетімділік деңгейі болып отыр. Сауалнама нәтижесі бойынша 13 адам әйелдер денсаулығына қатысты ақпарат жеткілікті деп есептесе, 7 адам жеткіліксіз деп санайды. Қалған 6-уы жауап беруге қиналды.
Ең жиі сілтеме жасалған ақпарат көздері мамандандырылған веб-сайттар, медициналық мекемелердің жалпыға қолжетімді беттері және арнайы әдебиеттер болды. Дегенмен, сенімді деректерді алу үшін бірыңғай ресурстың болмауы басты мәселе болып қала береді.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің бірі әйелдердің аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы хабардарлығын арттыру болып табылады. Дәл осы мақсатта білім берумен, арнайы іс-шараларды ұйымдастырумен және денсаулық туралы өзекті ақпаратты таратумен айналысатын «Қазақстан әйелдер денсаулығы» жобасы құрылды.
«Жоба әйелдерге өз тәнін жақсырақ түсінуге, денсаулығын бақылауға және дер кезінде медициналық көмекке жүгінуге ықпал етеді. Әйелдердің денсаулығы әрбір әйелдің жеке мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамдық әл-ауқаттың маңызды факторы екенін түсіну қажет. Олар өз денсаулығын неғұрлым жақсы білсе, қоғам соғұрлым сау болады», — деп атап жобасының өкілдері.
Ол сондай-ақ, әйелдер неғұрлым тезірек өздеріне қамқорлық жасай бастаса, соғұрлым көп адамның өмірін сақтауға болатынын айтты. Бұл медициналық бастамаларды да, денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын да қамтитын кешенді тәсілді қажет етеді.
Сарапшылар 6-12 ай сайын жүйелі түрде гинекологиялық тексеруден өтуді ұсынады. Сонымен қатар, әрбір 3 жыл немесе одан да жиі (қауіп факторлары бар болса) цитология үшін Пап-тест немесе жағынды алу қажет.