Әйел жастығын сақтауға көмектесетін пайдалы өнімдер

Сұлулық пен жастық

Тері саулығы мен серпімділігі үшін
Майлы балықтар – албырт, скумбрия, сардина – терідегі ылғалды сақтауға көмектесетін әрі қартаю үдерісін баяулататын омега-3-ке бай.
Авокадо құрамында пайдалы майлар мен Е дәрумені мол.
Көкжидек, құлпынай, анар секілді жидектер жасушаларды зақымдайтын бос радикалдарды бейтараптандыратын антиоксиданттарға толы.

Гормондық тепе-теңдік үшін
Зығыр дәнінің құрамындағы фитоэстрогендер, әсіресе 35 жастан кейін, гормондық фонды қолдауға көмектеседі.
Брокколи мен өзге де айқышгүлді көкөністер артық эстрогенді шығаруға және бауыр қызметін жақсартуға ықпал етеді.

Қуат пен иммунитет үшін
Құрамында 70%-дан жоғары какаосы бар қара шоколад – магний мен антиоксидант көзі.
Жаңғақтарда мырыш, селен және Е дәрумені бар.
Шпинат, руккола, ақжелкен секілді көктердің құрамындағы темір мен фолий қышқылы әйел ағзасына аса қажет.

Сүйек пен буын саулығы үшін
30 жастан кейін сүйек тығыздығы біртіндеп төмендей бастайды.
Ашыған сүт өнімдері, күнжіт, бадам және балық – кальцийдің жақсы көзі. Ал кальцийдің сіңуіне көмектесетін D дәруменін күн сәулесінен алған дұрыс. Қыста майлы балық пен жұмыртқаның сарысын тұтынуға болады.
Ешқандай жекелеген суперфуд ғажайып жасамайды. Бірақ күнделікті ас мәзірінің басым бөлігін көкөніс, сапалы ақуыз және пайдалы майлар құраса, бұл денсаулық пен жастықты сақтауға жасалған үлкен қадам.

Вам понравилась статья? Оцените её!
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру