Жедел түрдегі контрацепцияның қандай әдісін таңдаған дұрыс?

Жедел түрдегі контрацепция  гормональды контрацепцияның бір түрі болып есептеледі, ол өз кезегінде аты айтып тұрғандай жедел жағдайларда қолданылады. Басқа  гормональды контрацептивтерден өзгешілігі дәрілік зат құрамы мен оның жарамдылық мерзіміне сай ерекшеленеді. Мысалы, онымен жыныстық қатынастан кейін 3-5 күннен кейін қолдану қажет.

Жедел түрдегі контрацепция жоспарланбаған жүктіліктің алдын алуда жоғары қорғаныштық көрсеткіш көрсетеді, сондықтан оларды өте сенімді деп атсақ та болады. Дегенмен денсаулық қалпыңыз мен отбасыны жоспарлауда болашақ ұстанымыңызды  назарда ұстау керек.

Репродуктивті жастағы кез-келген әйел немесе қыз бала керек жағдайда  жедел контрацепцияның бір түрін қолдана алады. ДҰҰ медициналық критерийлері бойынша оны қолдануда ешқандай абсолютті медициналық қарсы көрсеткіштер жоқ, сондай-ақ жасқа байланысты шектеулер де жоқ. Жедел шешім қабылдау керек кезінде ғана  жедел түрдегі контрацепция түрін таңдаған жөн:

  1. Сіз қабылдап жүрген аралас оральды контрацептивтер сізге жүктіліктің алдын алуға көмектесетініне күмәнданып қалдыңыз немесе оларды қабылдау графигін бұздыңыз.
  2. Сақтанудың  барьерлік әдістері  белгілі бір себептерге байланысты сіздің үмітіңізді ақтамады.
  3. Өкінішке орай, зорлау актісі болды.
  4. Мүмкін, интимді контакт  жоспарланбаған жағдаят кезінде болды.
  5. Күнтізбелік әдіс  көмектескен жоқ.

Қайсы түрі сізге лайық болатындығын анықтайық:

  • құрамында мыс элементі бар жатырішілік  спиралдар
  • жедел түрдегі контрацепцияға арналған таблеткалар
  • аралас оральды контрацептивтер.

Оральды контрацептивтер мен жедел түрдегі контрацепцияға арналған таблеткалардың жағымды және жағымсыз жақтары туралы жазып кеткен болатынбыз.  Ал сізге қаншалықты құрамында мыс элементі бар жатырішілік спираль сәйкес келуі керек?

Мұндай  спиральды  жыныстық қатынастан кейін 5 тәулік өткен соң орнату қажет-120 сағат ішінде. Бұл қорғанудың ең нәтижелі әдістерінің бірі. Дегенмен, егер сіз жақын арада жүктілікті жоспарлап отырсаңыз, бұл әдіс сізге сай келмейді. Құрамында мыс элементі бар жатырішілік құрылғы  нәтижелі, бірақ ұзақмерзімді қолдану кезінде оңай алып тастауға болатын  әдісті таңдағандар үшін жақсы шешім.

Таңдау сізде. Бірақ гинекологтың кеңесін алу қажеттілігін ұмытып кетпеңіз.

Өзіңізді күтіңіз!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру