Исследование_отношения_казахстанских_женщин_к_своему_здоровью_ (2)
Қазақстандық әйелдер денсаулығына қалай қамқорлық жасайды және профилактикаға не кедергі?
Осы және басқа да сұрақтарға Ayelder Dausy 2024 атты жыл сайынғы әлеуметтанулық сауалнама жауап береді. Бұл зерттеу Kazakhstan Women’s Health ағарту жобасы аясында, Gedeon Richter Kazakhstan компаниясының қолдауымен жүргізілді.
Зерттеуге еліміздің әртүрлі өңірлерінен 18-49 жас аралығындағы 2 500 әйел қатысты. Мақсаты — қазақстандық әйелдердің өз денсаулығына қаншалықты назар аударатынын, қаншалықты хабардар екенін және алдын алу шараларына қаншалықты дайын екенін анықтау. Сауалнама нәтижесі бойынша, әйелдердің 72%-ы өз бетінше емделуге тырысады. Көптеген қазақстандық әйелдер сырқат белгілері байқалғанда өздігінен әрекет етуді жөн көреді:
-
51%-ы симптомдар өздігінен кетеді деп күтеді және тек жағдай нашарлағанда ғана дәрігерге жүгінеді;
-
29%-ы симптомдар пайда болған сәтте бірден маманға барады;
-
17%-ы дәрігерге баруды ұзаққа созып, жағдай ушығып кеткенде ғана жүгінеді.
Дегенмен, жағымды өзгерістер байқалады: «өзі өтеді» деп үміттенетін әйелдердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға азайған (51% 2024 жылы, 62% 2023 жылы). Ал алғашқы белгілерде дәрігерге жүгінетіндердің үлесі 9%-ға артқан (29% қарсы 20%).Сауалнама гинекологқа мүлде бармайтын немесе сирек баратын әйелдердің үлесі 19% екенін көрсетті. Бұған себеп ретінде респонденттер мынадай факторларды атады:
-
шағымның болмауы — 47%;
-
анализдердің қымбаттығы — 21%;
-
уақыттың жетіспеушілігі — 18%.
Сонымен қатар, жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өтетін әйелдердің саны 2%-ға артқан.Зерттеу әйелдердің ақпараттану деңгейінің де артқанын көрсетті:
-
контрацепция туралы дәрігерден кеңес алатындар саны 10%-ға өскен (47%-дан 57%-ға дейін);
-
жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу туралы ақпаратпен қызығушылар 11%-ға артқан.
Жалпы алғанда, сауалнама қазақстандық әйелдердің әйелдер денсаулығын емдеудің түрлі әдістері туралы көбірек білетінін және профилактикалық шараларды жиі қолдана бастағанын көрсетті. Әйелдердің басымдықтары баяу болса да, өз денсаулығына қамқорлық жасау жағына қарай өзгеруде.Ayelder Dausy 2024 зерттеу нәтижелері Қазақстандағы әйелдердің денсаулығына деген көзқарасы барған сайын саналы бола бастағанын, ал профилактика мен ерте диагностика күнделікті мінез-құлық үлгісінің бір бөлігіне айналып келе жатқанын айғақтайды.Kazakhstan Women’s Health жобасы өз миссиясын жалғастыруда — әйелдерге өзіне қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға және денсаулығы туралы саналы шешім қабылдауға көмектесу.