Өз маманыңызды таңдауда оның әйел немесе ер кісі болуы қаншалықты маңызды екендігін анықтаңыз. Біздің шығыс менталитетіміз мен діни тәрбиенің бірнеше аспектісін ескере отырып гинеколог ер кісі көп жағдайда қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ біз дәрігерді гендер бойынша таңдау дұрыс емес және ол әркімнің жеке талғамына байланысты болу керек деп ойлаймыз.
Одан кейін, әрине, біз дәрігердің кәсіби құзыреттіліктері, оның жұмыс өтілі, тіпті жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қараймыз. Құрбыларыңыз, таныстарыңыз немесе айналадағы адамдар ішінен кім не десе де сізді маман барлық критерий бойынша қанағаттандыру қажет. Себебі эмоциональды комфорт-сапалы тексерістен өту мен сіздің денсаулық қалпыңызды ары қарай анықтаудың құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Ия, «өз» маманыңды іздеу процессі ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Тіпті, дәрігер түгіл шаштаразды таңдау қиын. Әсіресе, гинекология сияқты маңызды сферада.
Дәрігердің жұмыс өтілі де маңызды. Дегенмен, бұл жерде бір мәселе бар, дәрігердің жасы үлкен болған сайын, оның емдеу әдістері дәстүрлі болуы мүмкін. Жас медиктер икемділік танытады жәәне әйел мәселелерін шешуде жаңа әдістер мен технологияларға сеніммен әрі энтузиазммен қарайды. Әр жағдайдың өзінің артықшылықтары бар. Маманды таңдауда әйелдер жиі күдікті аспектіні қолданады: қымбат клиника — жақсы дәрігер. Ол факт емес. Тегін аймақтық және қалалық ауруханаларда жоғары деңгейлі акушер-гинекологтарды табуға болады.
Маманды таңдаған соң, оны жұмыста көру керек. Біріншілік қабылдауда сіз дәрігер мен клиникаға қаншалықты сенім білдіре алатыныңызды түсінесіз. Жұмыс жазылу графигіне сай жүреді ме, пациентке қаншалықты эмпатия танытып, жақсы қарайды. Не дегенмен дәрігерді жақсы дәрігер жасайтын оның кәсіби шеберлігі ғана емес, сондай-ақ сіздің қалпыңызға түсіністікпен қарай алуы.
Сізге өз дәрігеріңізді тауып, оған жүйелі түрде барып тұруыңызға тілектеспіз.