2021 жылдың жазында Қазақстанда әйелдер денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі алғашқы ұлттық зерттеуді #AYELDER DAUSY_RG хэштегімен Bisam Central Asia зерттеу орталығы біздің «Әйелдер денсаулығы KZ» жобамыз үшін жүргізді.
Репрезентативті іріктеме арқылы 18 бен 60 жас аралығындағы 1202 респондент әйелмен сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, Яндекс.Взгляд интернет ресурсы арқылы 2083 әйелге анонимді сауалнама жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық әйелдердің тек 37%-ы гинеколог дәрігерлердің алдын алу тексерісінен әр 6 ай сайын өту туралы ұсынысын орындайды. Өкінішке орай, әйелдердің белгілі бір бөлігі мүлдем тексерілмейді немесе өте сирек тексеруден өтеді. Дәл осы мәселемен біздің әлеуметтік-ағартушылық жобамыз 2020 жылдың күзіне бастап айналысып келеді.