Эндометриоз белгілері және емі. Ауру қалай пайда болады? Қандай белгілеріне назар аудару керек?

Генитальд эндометриоз кезінде:

  • Кіші жамбас бөлігіндегі ауырсыну. Үнемі ауырсыну болады әсіресе айлық белгі келер алдында күшейеді. Ауру интимдік жақындасуда, зәр шығарғанда, дефекация кезінде пайда болады.
  • Бастапқы кезеңінде айлық белгі кезінде қан кетулерден байқалады. Ауру асқынған кезде үлкен дәрет пен зәрде қан пайда болуы мүмкін.
  • Мол генитальдының бөлінуі.
  • Бедеулік.
  • Кіші жамбас аймағында: жатыр түтікшелерінде, жатырда тіпті жіті ішек өткізу аймақтарында жабысулар пайда болады.

Экстрагенитальды эндометриоз кезінде

Белгілер аншалықты зақымданғанына байланысты мынадай қауіптер тудыруы мүмкін:

  • Теріастылық қан құйылулар.
  • Өте сирек-қанды жас ағу.
  • Қан түкіру, жөтел, дем жетпеу.
  • Асқазан-ішек жолдарындағы қан кетулер.
  • Зәрдегі қан.
  • Үлкен дәреттегі қан.
  • Бауыр мен өкпедегі ісіктер.

Эндометриозды емдеу

Дәрігерлер адамның жасына, ауру дәрежесіне, ауру түріне, емделушінің болашақ жүктілігіне қарай емдеу әдістерін таңдайды.

Емдеудің  негізгі  үш тәсілі бар:

  • хирургиялық;
  • дәрі-дәрмекпен емдеу;
  • аралас.

Хирургиялық  емнің  негізгі  мақсаты  ауру ошағын алып тастау  және  бала  туу  жүйесін  қалыпқа  келтіру.

Дәрі-дәрмекпен  емдеу  жас әйелдің  жыныстық функцияларын сақтап қалу және  хирургиялық  емге дайындық  үшін  қабылданады.

Міндетті дәрі-дәрмекпен  емдеу:

  • ауру синдромдарын басады, емделушінің өмір  сүру жағдайын жақсартады;
  • гормоналды  дәрілер  арқылы  эндометрияның өсу белсенділігін  төмендетеді  немесе  тоқтатады.

Өз денсаулықтарыңызға мұқият  болыңыздар!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру