Генитальд эндометриоз кезінде:
·
Кіші жамбас бөлігіндегі ауырсыну. Үнемі
ауырсыну болады әсіресе айлық белгі келер алдында күшейеді. Ауру интимдік
жақындасуда, зәр шығарғанда, дефекация кезінде пайда болады.
·
Бастапқы кезеңінде айлық белгі кезінде қан
кетулерден байқалады. Ауру асқынған кезде үлкен дәрет пен зәрде қан пайда болуы
мүмкін.
·
Мол генитальдының бөлінуі.
·
Бедеулік.
·
Кіші жамбас аймағында: жатыр түтікшелерінде,
жатырда тіпті жіті ішек өткізу аймақтарында жабысулар пайда болады.
Экстрагенитальды эндометриоз кезінде
Белгілер аншалықты
зақымданғанына байланысты мынадай қауіптер тудыруы мүмкін:
·
Теріастылық қан құйылулар.
·
Өте сирек-қанды жас ағу.
·
Қан түкіру, жөтел, дем жетпеу.
·
Асқазан-ішек жолдарындағы қан кетулер.
·
Зәрдегі қан.
·
Үлкен дәреттегі қан.
·
Бауыр мен өкпедегі ісіктер.
Эндометриозды емдеу
Дәрігерлер
адамның жасына, ауру дәрежесіне, ауру түріне, емделушінің болашақ жүктілігіне қарай
емдеу әдістерін таңдайды.
Емдеудің негізгі
үш тәсілі бар:
·
хирургиялық;
·
дәрі-дәрмекпен емдеу;
·
аралас.
Хирургиялық емнің
негізгі мақсаты ауру ошағын алып тастау және
бала туу жүйесін
қалыпқа келтіру.
Дәрі-дәрмекпен емдеу
жас әйелдің жыныстық функцияларын
сақтап қалу және хирургиялық емге дайындық
үшін қабылданады.
Міндетті
дәрі-дәрмекпен емдеу:
·
ауру синдромдарын басады, емделушінің
өмір сүру жағдайын жақсартады;
·
гормоналды
дәрілер арқылы эндометрияның өсу белсенділігін төмендетеді
немесе тоқтатады.
Өз денсаулықтарыңызға мұқият болыңыздар!
Сондай-ақ оқыңыз:
Аднекситтің белгілері және емі