Контрацепцияның ең сенімді түрі: қалай таңдау жасаймыз?

Контрацептив түрлерінің көптігі таңдау жасауда қиындықтар тудырады. Адам психикасы үнемі бір қалыпта болмайды: аз-жаман, көп-ол да жаман.

Қазіргі таңда  контрацепция түрлері өте көп. Көп болғанымен оның бәрі жүктіліктің алдын алуда  100% кепілдік бере алмайды. Сіз өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдауыңыз қажет, себебі оның әрқайсысының артқшылықтары мен кемшіліктері бар. Кең таралған  минусы мен плюстарын айтып кетсек. Тек маманға жүгіну арқылы  сіз дұрыс шешім жасай аласыз.

Жатырішілік спиралдар

Артықшылықтары:

пролонгациялық әсері бар;

лактация кезінде қолдануға болады;

Кемшіліктері:

жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтамайды;

етеккір келуде ауырсыну сезімін туындатуы мүмкін;

етеккір ұзақ уақыт келуі мүмкін.

Барьерлік әдістер

Презерватив артықшылықтары:

жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтайды;

бағасы арзан;

арнайы алдын ала тексеруден өтудің қажеті жоқ;

жыныстық қатынасқа көп түсе бермейтіндер үшін жақсы шешім.

 Презервативтер  кемшіліктері:

кейбір адамдардың латекске аллергиясы болады

жыныстық қатынаста сезімталдықтың төмендеуі

Контрацепциялық сенімділігі жоғары емес

Спермицидтер

Бұл әдіс те контрацепцияның барьерлік әдісіне жатады. Оның негізгі қызметі  спермицидтер   сперматозоидтарды қимлдай алу қабілетінен арылтады, сондықтан олар жатырға ұрықтану үшін ене алмайтындығымен түсіндіріледі.

Артықшылықтары:

гормональды контрацептивтер мен жатырішілік спираль қолдана алмайтындарға арналған әдіс;

жыныстық жолмен берілетін аурулардан белгілі  бір мөлшерде сақтайды.

Кемшіліктері:

 жүктіліктің алдын  60%-70% жағдайда  алады;

 спермицид құрамындағы заттар жыныс мүшелеріне   аллергиялық  реакция беріп, тітркендірту мүмкін;

қолдану ережесі  белгілі бір талаптарды сақтауды талап етеді.

Ароалас  оральды  контрацептивтер (АОК-тар)

Қазіргі таңда контрацепцияның ішіндегі ең сенімді әрі нәтижелі түрі. Оны қабылдау ережесін сақтау маңызды-күнде бір уақытта қабылдау керек. Оны 21 күн бойы қабылдап, 7 күнге үзіліс жасайды.

Артықшылықтары:

сенімділігі дұрыс қолдансаңыз 100%  барады;

эндометриоз бен кейбір онкологиялық аурулар профилактикасы;

  менструальды цикл қалпын реттейді;

 етеккірдің келуінде ауырсыну сезімін басады;

 АОК дұрыс тңдасаңыз теріні акнеден тазартып, түрлі  гинекологиялық ауруларда емдік қасиеті бар (кішкентай мөлшердегі жатыр  миомасында, дисменорея, аналық без поликистозы және т.б).

Кемшіліктері:

 жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтамайды;

дәрілік затты қабылдауда қабылдау ережелерін сақтау;

ағзаның дәрілік затқа үйренуі үшін уақыт қажет.

Прероральдық контрацептивтерді таңдауда маман кеңесін алған өте маңызды. Сіздің ағзаңыздың қалпына қарай  (анализ көрсеткіші, бұрында ауырған аурулар мен аборттың болу, болмауына сәйкес) дәрігер сізге жүктіліктің тек алдын алып қоймай түрлі мәселелеріңізді шешуге көмектесетін әдісті таңдауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыз:

Контрацепцияға қарсы патч кімге жарамайды?

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.