Менструальды цикл бұзылысының себептері

Менструальды цикл бұзылысы-дәрігерге жиі жүгінудің себебі болып табылады.

Бұл жиі кездесетін гинекологиялық мәселе болып табылады және оны шешу үшін дұрыс диагностика керек.

Менструальды цикл — ағзадағы белгілі бір уақыт кезеңіндегі тұрақты өзгерістер: фолликулдың пісіп жетілуі, аналық клетканың жетілуі, прогестерон синтезі.  Дені сау әйелде  ол ағзаның ерекшеліктеріне байланысты  21-35 күнге созылады.

Қандай белгілер сізді дабыл қақтыруы керек ?

  • Сізде етеккір 3 айдан көп уақыт келген жоқ.
  • Етеккірдің 3-4 айда бір рет келуі.
  • Сізге үнемі келетін етеккір мөлшері тым көп.
  • Етеккірдің 1-2 күнге созылып, аз келуі.

Менструальды цикл бұзылысының себебі не болуы мүмкін?

  • Несеп жолдарының инфекциясы.
  • Стресстік жағдаяттар.
  • Артық салмақтың болуы немесе салмақ жетіспеушілігі.
  • Гормональды фон бұзылысы.
  • Дәрілік заттарды қабылдау.
  • Тұқым қуалайтын бейімділік.
  • Эндокриндік аурулар.
  • Эндометриоз, миома, фиброма, онкология.
  • Жүрек-қан тамырлар жүйесінің бұзылысы.
  • Хирургиялық операциялар.
  • Психикалық аурулар.
  • Аналық жасушадағы патологиялық өзгерістер.

Дегенмен, қыздарда етеккірдің тұрақтануы кезеңінде, циклдың өзгермелілігі-қалыпты құбылыс.Осы уақыт аралығында қыздың жыныстық жетілуі жүреді және ағза оптимальды гормональды фонды енді-енді қалыптастырады.

Өз денсаулығыңызға қамқор әрі  мұқият болыңыз! Алдын алу немесе мәселені шешуді уақтылы бастау әлдеқайда оңайырақ!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру