Менструальды цикл бұзылысы-дәрігерге жиі жүгінудің
себебі болып табылады.
Бұл жиі кездесетін гинекологиялық мәселе болып табылады және оны шешу үшін
дұрыс диагностика керек.
Менструальды цикл —
ағзадағы белгілі бір уақыт
кезеңіндегі тұрақты өзгерістер: фолликулдың пісіп жетілуі, аналық
клетканың жетілуі, прогестерон синтезі. Дені сау әйелде ол ағзаның ерекшеліктеріне байланысты 21-35 күнге созылады.
Қандай белгілер сізді дабыл қақтыруы керек ?
- Сізде етеккір 3 айдан көп уақыт келген жоқ.
- Етеккірдің 3-4 айда бір рет келуі.
- Сізге үнемі келетін етеккір мөлшері тым көп.
- Етеккірдің 1-2 күнге созылып, аз келуі.
Менструальды цикл бұзылысының себебі не болуы мүмкін?
- Несеп жолдарының инфекциясы.
- Стресстік жағдаяттар.
- Артық салмақтың болуы немесе салмақ
жетіспеушілігі.
- Гормональды фон бұзылысы.
- Дәрілік заттарды
қабылдау.
- Тұқым қуалайтын
бейімділік.
- Эндокриндік аурулар.
- Эндометриоз, миома, фиброма, онкология.
- Жүрек-қан тамырлар
жүйесінің бұзылысы.
- Хирургиялық операциялар.
- Психикалық аурулар.
- Аналық жасушадағы патологиялық өзгерістер.
Дегенмен, қыздарда етеккірдің тұрақтануы кезеңінде, циклдың
өзгермелілігі-қалыпты құбылыс. Осы уақыт аралығында қыздың жыныстық жетілуі
жүреді және ағза оптимальды гормональды фонды енді-енді қалыптастырады.
Өз денсаулығыңызға қамқор әрі мұқият
болыңыз! Алдын алу немесе мәселені шешуді уақтылы бастау әлдеқайда оңайырақ!
Сондай-ақ оқыңыз:
Бала тууды бақылау таблеткаларын қабылдау бедеулікке әкеледі ме?