Қажетсіз жүктіліктен қорғануға халық әдістері көмектеседі ме?

Жедел контрацепцияның қай әдісі туралы меңзегеніңізді елестете алмаймыз. Бірақ, сізге осындай әдістерді қолданудың жағымсыз салдары туралы ескертуіміз керек. Сіз халық әдістердін қолдана отырып, өзіңіздің денсаулығыңызды ғана емес, сонымен қатар қажетсіз жүктіліктен шынымен қорғануыңыз екіталай. «Халық» әдістері 50 жыл бұрын өзектілігін жоғалтты, өйткені оларды қолданудың жағымсыз салдары бар, және кем дегенде, олар сізге жүктілікті алдын алуға көмектеспейді.

Біз контрацепциялық әсері бар кейбір халық әдістерінің тізімін ұсынамыз:

  • қынапқа лимон кесектерін енгізу: тиімділігі төмен, әсері сперматозоидтар қозғалғыштығын жоятын ортаны жасау. Осылайша сіз қынаптың микрофлорасын бұзасыз, бұл кейбір ауруларға әкелуі мүмкін;
  • қынапқа кір сабын енгізу: тиімсіз. Лимон тілімі сияқты, сабын қынаптың микрофлорасын бұзады және жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін;
  • жыныстық қатынастан кейін бірден зәрмен қынапты шаю-тиімді емес, сонымен қатар инфекция түсіру қаупі бар. Гинекологиялық аурулардың дамуына  себеп болуы мүмкін;
  • калий перманганатымен қынапты шаю-бұл қажетсіз жүктіліктен қорғаудың нөлдік тиімділігі бар қарапайым дезинфекция. Егер калий перманганатының концентрациясы жоғары болса, онда  қынаптың шырышты қабығының күйіп қалуы қаупі бар;
  • кока-коламен қынапты шаю –  соңғы бірнеше онжылдықта пайда болған жаңа әдіс.Оның салдары  микрофлораның бұзылуы.

1,5 мг дозадағы левоноргестрел -қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде сізге көмектесетін дәрі: тиімділігі 95% дейін.

Сізге сәйкес келетін контрацепция әдістері туралы дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз. Сіздің репродуктивті денсаулығыңыз үшін контрацепция әдістерін  дұрыс таңдаумен  байланысты екенін ұмытпаңыз! Өзіңізге мұқият болыңыз!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру