Құрбым менде гиперменорея бар деп болжам жасады. Бұл қандай ауру және оны қалай емдеу керек?

Гиперменорея деп етеккір кезінде ауыр қан кетуді айтамыз, немесе:

  • Қан жоғалту өте көп болған жағдайда – тәулігіне 80-100 мл
  • Менустрация уақыты жеті күннен артық болған кезде.

Бұл термин 3-тен 4 аптада бір рет келетін тұрақты етеккір циклі болған жағайда ғана қолданылады.

Бұлпатологиялық процесс меноррагия деп те аталады. Бұл құбылыс 30%-дан астам әйелдерде байқалады. Ал оның себептері өте алаңдатарлық болуы мүмкін:

  • эндометриоз
  • жатыр миомасы
  • қалқанша безінің аурулары
  • құрсақішілік жүктілікті алдын-алу құралдары
  • қан ұюының бұзылуы.

Мұндай патологияның пайда болуына не себеп болды екен деп болжауға кеңес бермейміз. Мұның себебін анықтау үшін гинекологпен шұғыл байланысу қажет. Шынында да, мысалы, жатыр миомасы сияқты ауру асимптоматикалық болуы мүмкін және ол өз кезегінде гиперменореяны (меноррагия) тудыруы мүмкін.

Дәрігер сізге аралас оральды контрацептивтерді (АОК) қабылдауға кеңес беруі мүмкін. Олар эндометрияның өсуіне жол бермейді, өз кезегінде ол етеккір кезінде қан жоғалтудың төмендеуіне оң әсерін тигізеді.

Маманның кеңестері мен ұсыныстарын алыңыз. Өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін.

 

Сіздерге денсаулық тілейміз!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру