Жедел түрдегі оральды контрацепцияның жағымды және жағымсыз жақтары

Сіздердің назарларыңызды жедел түрдегі контрацепцияның дәрілік заттары тек жүктіліктің алдын алатынын, бірақ жүктілікті үзе алмайтындығына аударғымыз келіп тұр. Бұл құралдарды қолдану механизмі  овуляцияны  кешіктіру. Әрине, оның атауы да өзі үшін айтып тұр-жедел түрдегі. Оған жүгінуге болады, егер:

  • сіз аралас оральды контрацептивті жоспарлы қабылдауды ұмытып кеттіңіз;
  • жыныстық қатынас кезінде презерватив жарамсыз әрі сенімсіз болып қалды;
  • әйелді зорлап сексуальды контактіге түсірді;
  • интимді контакт  жоспарланбаған, әйел оған дайын емес болды-әдетте ол демалыс кезінде, «курортты» жағдайда орын алды;
  • жүктілікті адын алудың  календарлы әдісі  көмектеспеді.

Жедел түрдегі контрацепцияның жағымды жағы күтпеген жағдайда әйел жоспарланбаған жүктіліктің алдын ала алады және оған  жүктілікті үзудің оперативті әдістеріне жүгінбесе де  болады.

Бұл контрацепция әдісінің жағымсыз жақтары гестагендердің жоғары дозасы (әйел жыныстық гормондарының бір түрі, ЖК (жедел контрацепция) дәрілік заттарында синтетикалық аналогі қолданылады) менустральды циклдың бұзылысына алып келуі мүмкін. Сондықтан контрацепцияның бұл түрін жиі қолдануға болмайды.

Ойланбай дәрілік заттарды қолдануға болмайтынын қайталап айтудан шаршамаймыз. Дәрілік зат пен оның мөлшерін анықтау үшін гинекологқа жүгініңіз. Маман дәрілік затты ұсынбас бұрын жалпы гормональды фоныңызды тексеріп, денсаулығыңызға алдын ала тексеру жүргізеді.

Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру