Контрацепция әдістері

Жүктілікті алдын алудың әдісін таңдауда әрқайсысының сенімділігін ескеру қажет. Бұл әдістер сенімділігін үш категорияға бөлуге болады: төменгі деңгейдегі сенімділік, орта мен жоғары деңгейдегі сенімділік.

  1. Сенімділігі төменгі деңгейдегі әдістер:
  • үзілген жыныстық қатынас;
  • күнтізбелік жоспарлау әдісі;
  • температуралық әдіс.
  1. Сенімділігі орта деңгейдегі әдістер:
  • кондом (презерватив);
  • спермицидтер.
  1. Сенімділігі жоғары деңгейдегі әдістер:
  • жатырішілік спиралдар;
  • стерилизация;
  • гормональды контрацептивтер.

Гормональды контрацептивтер қазіргі таңда жүктіліктің алдын алудың ең сенімді әрі нәтижелі әдістерінің бірі. Еуропалық  және  америкалық әйелдер осы дәрілік заттарды оның жоғары деңгейдегі сенімділігі мен түрлі артықшылықтары үшін таңдайды.  Оған жүктілікті алдын-алу таблеткалары, пластырлер, инъекциялар, имплантаттар, спиралдар, жатырішілік сақиналар жатады. Барлық аталған гормональды әдістер қызметі белсенді гормондар аналық безде фолликулдың пісіп жетілуіне жол бермейтіндігімен түсіндіріледі.  Ал бұл өз кезегінде жүктіліктің алдын алады.

Оған қоса гормональды  дәрілік заттардың емдік қасиеті бар. Сондықтан дәрігерлер  оны әйел денсаулығының түрлі мәселелерін шешуде қолданады. Өкінішке орай, заманауи гормональды заттар туралы  біздің әйелдер қауымында түрлі жаңсақ пікірлер тараған. Біз бұл жаңсақ пікірлерді біздің жобамыздың әлеуметтік желідегі парақшасы мен сайтымызда жоққа шығаратын боламыз.

Денсаулығыңызды күтіңіз!

5/5 - (3 votes)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру