Жатырдан қан кетудің себептері қандай?

Жатырдан қан кету бөлінеді:

  • қалыпты;
  • аномальды.

Қалыпты– белгілі бір кезектілікпен, ұзақтығымен және қан кетумен сипатталатын менструальды қан кету. Ұзақтығы шамамен 3-7 күнде 50-60 мл қан кетумен сипатталады.

Қан кету менструальды циклдың сипаттамасынан ерекшеленген жағдайда аномальды болып келеді. Репродуктивті жасқа жеткен әйелдер қан кетуге назар аудару қажет, егер:

  • ұзақтығы 7 күннен көп;
  • қан кету 80 мл көп;
  • ол жиі болады, менструация арасында да болады.

Пубертатты, перименопаузальды немесе и постменопаузальды кезеңде аномальды қан кетусол жас кезеңіне сай репродуктивті немесе эндокринді жүйенің қызметінің ерекшелігіне байланысты.

Аномальды қан кету себептері не болуы мүмкін?

  • Полиптер– жатырдағы қатерсіз өсінділер;
  • Гиперплазия – эндометрияның шектен тыс өсіп кетуі;
  • Эндометриоз – созылмалы рецидивті дисгормональды ауру;
  • Эндометриальды дисфункция – себепсіз бұзылыстар;
  • Миома – қатерсіз ісік;
  • Жатырдағы қатерлі ісік;
  • Қан ұюының бұзылуы– мысалы, гемофилия;
  • Овуляторлы дисфункция – аналық жұмыртқа жасушасының бұзылысы;
  • Басқа ауруларды емдеу барысында туындаған жатырдан қан кету;
  • Себептері жүйеленбеген– себептері анықталмаған немесе өте сирек кездеседі.

Аномальды қан кетуді диагностикалау және емдеуді акушер-гинеколог маммолог пен эндокринологпен бірге жүргізеді.

Өзіңізге мұқят болыңыз!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру