ӘЙЕЛДЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ МӘДЕНИЕТІ

ӘЙЕЛДЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ МӘДЕНИЕТІ

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әйелдердің тек 37%-ы ғана гинеколог дәрігерлердің 6 айда 1 рет профилактикалық тексеруден өту туралы кеңесін орындайды екен. Қазақстандық бес әйелдің төртеуі дәрігерге жылына бір рет барады. Профилактикалық тексеруден өтуден толық бас тартқандар үлесі 13% құрайды, ал басқалары көбінесе бас тартпайды. Анонимді сауалнама нәтижелері жақсы емес нәтиже көрсетті: респонденттердің үштен бір бөлігі дәрігерлерге 3 жылда 1 реттен сирек жүгінеді екен. Нәтижелердегі айырмашылық сауалнама әдістеріндегі айырмашылыққа байланысты. Ыңғайсыз тақырыптарда респонденттер анонимді сауалнамада көбірек ашық ойын білдірді. Профилактикалық тексерулерден бас тартудың негізгі себептері денсаулыққа байланысты шағымдардың болмауы немесе уақыттың жетіспеушілігі болып табылады.

Өкінішке орай, аурудың белгілері пайда болса, әдеттегі сценарий-күту. Егер симптомдар біраз уақыттан кейін жойылмаса, онда әйелдердің 51% дәрігерге барады. Ал 16%-ы жағдай күрт нашарлағанда ғана маманның көмегіне жүгінуі мүмкін.

Репродуктолог-дәрігер, профессор, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Вячеслав Нотанович ЛОКШИН: "Сауалнама нәтижелері біздің еліміздің әйелдерінде өз денсаулығына қамқорлық жасау мәдениеті қалыптаспағанын растайды. Егер әйел кем дегенде жылына бір рет маманға бармаса, онда көптеген ауруларға дер кезінде диагностика жүгізілмейді. Ол болашақта қайғылы салдарға: әйелдің репродуктивті функциясына немесе онкологиялық аурулардың дамуына әсер ету етуі мүмкін. Сондықтан медициналық профилактикалық тексерулерге уақыт бөлу қажет. Оларды жылына екі рет өткізген жөн – ол маманға жүгінуге оңтайлы кезеңде жүзеге асырылуы тиіс. Ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай".

Сондай-ақ, сарапшы маман репродуктивті денсаулықты сақтау және қалпына келтіру маңызды медициналық және мемлекеттік міндет екеніні атап өтті. Білім беру мен ағартушылық қызметті жастардан бастау керек. Біздің елімізде жасөспірімдерде ерте жүктіліктің алдын-алу қажеттілігі туралы мәселе шешімін таппай жатыр. Бұл соңғы жылдары алғашқы жыныстық қатынасқа түсу жасы (13-14 жас) төмендеуінен көрініс табады. Жасөспірімдердің жүкті болып қалуы-біздің қоғамның мәселесі. Мұның себептері ретінде гигиеналық және санитарлық ағарту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесінің болмауынан деп қарастыруға болады. Отбасының, оқу орнының және дәрігерлердің бірлескен күшімен ғана жастарға осы салада білім беру жүйесін қамтамасыз етуге болады. Қазақстанда жыныстық ағарту туралы көп әңгімелер жүргізілуде, бірақ ол ешқашанда ұзақ мерзімді білім беру бағдарламасын енгізумен аяқталған жоқ.

НӘРЕСТЕ ҚАЛАУЛЫ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК ЖОСПАРЛАНҒАН БОЛУЫ КЕРЕК.

Сауалнама нәтижелері бойынша әйелдердің тек 26%-ы ғана қазіргі заманғы контрацепцияға оң көзқараспен қарайды екен. Бұл ретте, олардың үштен бірінен көбі 36,10%-ы нәрестенің дүниеге келу мәселесін құдайға тапсырады екен, ал 12,9%-ы гормондар қабылдаудан қорқады екен.

Контрацепция жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың директоры, акушер-гинеколог Гребенникова Галина Александровна: "Нәтижелердің себептерін әйелдердің отбасын жоспарлаудан хабардар болу деңгейінің төмендігінен және гормонофобия мәселесін атауға болады. Заманауи АОК-тардың (аралас оральды контрацептивтер) дәлелденген емдік профилактикалық әсері бар және ол кейбір гинекологиялық ауруларды емдеу үшін тағайындалады. Құдайдың еркіне сүйенуді жөн көретін 36,10%-ы үшін жүктілік арасында 2-3 жыл үзіліс болуы керек екенін еске салғым келеді. Бұл мерзімнің қысқаруы мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін, сондай-ақ жаңа туылған нәрестелердің физиологиялық дамымауы, сондай-ақ ананың немесе баланың қайтыс болуына себепкер болуы мүмкін. Жүктілік жоспарланған және нәресте қалаулы болуы керек. Сонда күйеуі мен әйелі арасында жылы қарым-қатынас орнап қана қоймай, балалар жылы және жайлы отбасылық атмосферада дүниеге келеді ".

НӘЗІК ЖАС ЖӘНЕ ОҒАН ДЕГЕН КӨЗҚАРАС ТУРАЛЫ

Сұралған әйелдердің 25%-ы менопауза кезінде гинекологқа жүгінуден бас тартады, өзінің халін өз бетінше бақылауды жөн көреді. Және әрбір бесінші әйел менопауза кезінде кез-келген медициналық көмектің қажеттілігін түсінбейді. Контрацепция жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың директоры, акушер-гинеколог Гребенникова Галина Александровна: "Статистика бойынша климакс әйелдердің тек 20-30%-ында ғана асқынусыз өтеді. Басқа 70% белгілі бір ауырлық дәрежесіндегі климактериялық синдром пайда болады: құйылулар, тершеңдік, ұйқы мен жадының бұзылуы, мазасыздық, жылауықтық, шаршағыштық. Кейінірек зәр ұстамау, құрғақ тері және сынғыш тырнақтар, артық салмақ, остеопороз, артрит және тіпті Альцгеймер ауруы пайда болуы мүмкін. Бұл кезеңде патологиялық күймен күресу үшін гормондық терапия тағайындалады. Бүгінгі таңда салыстырмалы түрде қауіпсіз және қолдануға ыңғайлы трансдермальды гормоналды препараттар бар".

"Әйелдер денсаулығы КЗ" жобасы ҚР әйелдер денсаулығын зерттеу бойынша жыл сайын зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Алынған нәтижелер әйелдердің өз денсаулығына деген қатынасты динамикалық түрде бақылауға мүмкіндік береді.Жобаның ағартушылық қызметі әйелдерге өз денсаулығын күтуге және оны сақтау жолдарына бет бұруға көмектеседі деп үміттенеміз.

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.