Эндометриоз ауруы несімен қауіпті?

Эндометриоз деген не екендігін анықтаудан бастайық.

Эндометриз-жатырдың эндометрий қабатындағы (жақсы қанданатын, циклды түрде жаңарып тұратын жатырдың ішкі шырышты қабаты) жасушалардың жатырдан тыс жерлерде (мысалы: жатыр түтігінде, жкатыр мойнында, қынапта, аналық безде, бауырда, ішек-қарында) өсуі, таралуы. Бұл бала тууға қабілетті әйелдерде болатын созылмалы ауру. Бұл аурумен бала туу жасындағы әйелдердің 10%-ы ауырады.

Қынапта эндометриоз ауру пайда болса, олар екі қабаттан тұрады: базалық және функциялық. Егер ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану кезеңінде әсер етпесе де, жүктілікке дайындық кезеңінде функционалдық қабат бүлінеді және айлық белгі кезінде ауырсынуды тудырады.

Бірақ айлық белгі кезеңінде эндометриоз қанмен бірге аналық түтікшелерге қайта ағып келеді. Осыдан соң әйелдің жыныстық органдарында, зәр шығару жолдарында эндометриоз ауруының асқыну құбылыстары басталады. Кейде тіпті өкпені зақымдайды. Бұл ең алдымен оның қай мүшеде пайда болғанына байланысты екіге бөлінеді:

· Генитальды-эндометрий қабатындағы жасушалардың ішкі жыныстық мүшелерде (жатыр түтігі, аналық без, қынап) болуы;

· Экстрагенитальды-эндометрий қабатындағы жасушалардың басқа мүшелерде (өкпе, бауыр, ішек-қарын, қуық) болуы.

Эндометриоз ауруын емдеу ұзаққа созылады, негізінен гормональды терапия мен хурургтік емнің араласуымен жүргізіледі.

Эндометриоз ауруындағы ең басты қауіптің бірі-бедеулікке әкеліп соқтыруы. Бұл ауруға шалдыққа әйелдердің жартысына жуығы жүкті бола алады, алайда ұрықтың жатырға дұрыс бекімеуінен түсік тастау қаупі туындайды. Ал 50% әйелдерде бұл ауру бірінші немесе екінші жүктіліктен кейін бедеулікке әкеледі екен.

Сондай-ақ эндометриоз мынадай аурулардың туу қаупін жақындатады:

·        жатырдан тыс жүктілік;

·        қаназдық;

·        жүйке жүйесінің зақымдануы;

·        эндометриоздың қатерлі ісікке айналуы.

Өздеріңізді сақтаңыздар және дендеріңіз сау болсын!

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.