Бастапқы Дисменорея – еттеккір кезіндегі жалпы әлсіздік және ыңғайсыздық ,
ауырсыну сезімі, бас ауруы, диарея және тағы да басқа түрлі аурулар жиынтығының
атауы. Мұндай сезімнің туындауына биологиялық белсенді зат простогландин әсер
етеді. Аралас оральды контрацептивтердің негізгі міндеті жоспарланбаған
жүктіліктен қорғау. Алайда АОК-тың құрамындағы этинилэстрадиол мен хлормадинон
ацетаты сияқты белсенді заттардың симбиозы простогландин деңгейін түсіреді.
Осылайша, жатырдың жиырылуын қалыпқа келтіреді, бұл кейіннен ауырсыну сезімін
азайтады. Аралас оральды контрацептивтерді қабылдаудың жағымды жақтары мұнымен
ғана шектелмейді:
· гормоналды тепе-теңдікті қалыпқа келтіреді
· қан кету қарқындылығы тұрақтанады (етеккірдің орнына аздап қан кетеді,
өйткені препаратты қабылдау циклдері арасындағы гормондар концентрациясы
төмендейді)
· циклдің ұзақтығы қалыпқа келеді
· қан жоғалтуды азайту арқылы темір тапшылығы анемиясының қаупін азайтады
· ПМС белгілері жоғалады – сүт бездерінің ауруы, ашуланшақтық, әлсіздік,
ісіну. АОК қабылдаудың пайдасын асыра бағалау қиын. Жоғарыда аталғандардың
барлығы аралас оральды контрацептивтердің жоспарланбаған жүктіліктен қауіпсіз
және тиімді қорғаудан бөлек, көптеген жағымды жақтары бар.
Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз!
Сондай-ақ оқыңыз:
Әйелдер денсаулығы мәдениеті