Көбінесе қыздар аралас оральды контрацептивтердің етеккір кезінде ауырсыну
сезімін төмендететінін естігенде таң қалады. Ол жүктіліктің алдын алу препараты
емес пе, бұл жерде ауырсыну сезімінің басылуының қатысы қанша ?
Өкінішке орай, етеккір кезінде көптеген әйелдер жағымсыз ауырсынуды сезінеді. Оған қоса кейбір
жағымсыз белгілер болы мүмкін:
* диарея;
* жалпы әлсіздік;
* іштің және арқаның төменгі
жағындағы қатты ауырсыну сезімі.
Бұл жағдай дисменорея деп аталады. Ал АОК-тар, қажетсіз жүктіліктің
алдын-алудың негізгі міндетін шеше отырып, жоғарыда аталған белгілерден арылуға
көмектеседі. 90-95% жағдайда бұл
препараттар өз міндетін сәтті орындайды.
Себебі оральді контрацептивтер
құрамындағы этинилэстрадиол мен
хлормадинон ацетатының комбинациясы простагландиндер. деңгейін төмендетеді Бұл
заттар менструация кезіндегі ауырсыну сезімін
тудырады. Ауырсыну сезімі жатырдың жиырылуын қалыпқа келтірудің
нәтижесінде басылады.
Аралас оральды контрацептивтерді
қабылдау көмектеседі:
* етеккір циклін тұрақтандыруға;
* менструацияның ұзақтығын қалыпқа келтіруге;
* қан кету қарқындылығын орнықтыруға.
Осының арқасында темір тапшылығы анемиясы мен ПМС белгілері жоғалады.
Кеудедегі, іштегі және белдегі ауырсыну
сезімі жоғалады. Әйелдің эмоциональды фонын тұрақтандырады және әлсіздік сезімі
жоғалады.
Алайда, ешқашан өзіңізге өзіңіз тағайындаулар жасамаңыз. Сізге сәйкес
келетін препараттарды таңдау үшін гинекологпен кеңесуді ұмытпаңыз.
Маманның кеңестері мен ұсыныстарын алыңыз. Өзін-өзі емдеу Сіздің
денсаулығыңыз үшін қауіпті.
Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасауды ұмытпаңыз!
Сондай-ақ оқыңыз:
КОК қабылдау денедегі шамадан тыс шашқа әсер ете алады ма?