Айлық белгі немесе етеккір
дегеніміз не? Бұл-әйел жатырынан бөлінетін ай сайынғы жұмыртқа жасушаларының
өзгерісінен пайда болатын аздап қан ағу белгісі.
Осылайша ғұлама табиғат әр ай сайын айлық белгінің ортасын ұрықтануға дайындық кезеңі етіп қойған. Аналық жасушалардан бөлінген жұмыртқалауға қабілетті жасушалар 24 сағат бойына әрекет етеді.
Сондықтан да табиғатта
әйелдің жүкті болып, көбірек балалы болу мүмкіндігі арта түседі.
Алайда дамыған қазіргі кезде әлемде бәрі өзгерді. Адамдар туу үдерісін бақылай алатын болды, соның салдарынан бала туу көрсеткіші азайды. Ал соған орай қазіргі әйелдердің жұмыртка жасушаларында өзгерістер пайда бола бастады. Бұл әйел ағзасындағы табиғи айналым қызметін бұзды. Осыдан кейін, өкінішке орай, гормондық жүйелердің өзгерісіне байланысты мәселелер туындай бастады. Ал бұл өзгеріс бұрыннан қалыптасқан 28-30 күнде бір айналып келетін айлық белгі циклын өзгертіп, бұрыннан қалыптасқан қалыпты жағдай әйелдер арасында сирек көріне бастады. Нәтижесінде жоспарланбаған жүктілік пайда болды.
Айлық белгі айналымының бұзылуы ұрықтанудың бұрыннан қалыптасқан классикалық кестесі бойынша айналымның 14-15-і күндеріне емес, мүлде басқа күндеріне сәйкес ыңғайлы күндерге дейін немесе ыңғайлы күндерден кейін келіп жүр. Сондықтан ұрықтану айлық белгі циклінен аз уақыт бұрын, не аз уақыт кейін немесе тіпті айлық белгі кезеңіне түсіп тұр.
Сонымен қатар жұмыртқалауға дайын жасушалар аналық жасушадан шыға салысымен ұрықтануға қабілетті деген түсінік қалыптасқан. Оның үстіне айлық белгі уақытында. Біз осы күнге дейін жұмыртқа жасушалары бірнеше күнге дейін өмір сүруге қабілетті болып, аталық жасушалармен кездесіп, олар әйелдің жыныстық мүшесінде 7 күнге дейін белсенді болатынын білеміз. Алайда көріп тұрғанымыздай айлық белгі келген уақыт әрқашан жүкті болуға қолайлы бола бермейді.
Түйіні: Барлық жағдай көптеген әртүрлі санаулы факторлар мен ағзаның жеке ерекшелігіне байланысты.
Өз денсаулықтарыңызды
сақтаңыздар!
Сондай-ақ оқыңыз:
Мен босануды бақылау таблеткаларын қабылдау кезінде үзіліс жасауым керек пе?