Емізу кезінде қан құрамындағы пролактин гормоны әсерінен жүкті болып қалу мүмкін емес деген
пікір бар. Пролактин гормоны овуляцияға кедергі келтіреді.
Әрине, емізу кезінде жүкті болу мүмкіндігі аз.
Әсіресе, баланы 3-4 сағат сайын күндіз де, түнде де емізсеңіз. Бірақ егер сіз
интимді жақындасуда қорғанбасаңыз, жүкті болып қалу мүмкіндігін 100%-дық
сенімділікпен алып тастауға болмайды. Егер сіз баланы дүниеге әкелуді
жоспарламасаңыз сізге қорғануға кеңес береміз.
Жоспарланбаған
жүктіліктен қорғану мақсатында қолдана аласыз:
- презервативтер;
- емізулі аналарға арналған гормональды препараттар.
Сізге лайық контрацептивті препараттарды таңдауда маманмен кеңесу керек екендігін ұмытпаңыз — ол сізге
лайықтысын таңдап береді.
Өз денсаулығыңызға
мұқият болыңыз!
Сондай-ақ оқыңыз:
Жатырдан қан кетудің себептері қандай?