Көбінесе жедел контрацепция әдістерін тұрақты емес жыныстық қатынасқа түсетін әйелдер қолданады. Мысалы, айына бір рет немесе одан да аз түскен жағдайда. Көптеген адамдар мұндай препараттарды контрацепция үшін өте қолайлы деп санайды. Олардың құрамында 1,5 мг дозада левоноргестрел бар және олардың тиімділігі АОК-тардағыдай жоғары – 95%. Алайда жедел контрацепция препараттарын жиі қабылдау ұсынылмайды, оларды бір менустральдық цикл кезеңінде 1-2 реттен артық пайдалануға болмайды. Ол контрацепцияның басқа әдісі қолданылмаған жағдайда ғана ұсынылады. Бұл жағдайда, әрине, жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін жедел контрацепция әдісін қолданған абзал. Шынында да, жүктілікті үзу ағзаға қауіпсіз емес. Сіздердің назарларыңызды құрамында левоноргестрел бар контрацептивтерге назар аударғымыз келіп тұр, ол қауіпсіз және тиімді –олар метаболизм процестері мен қанның ұюына айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ жедел түрдегі препараттарды оны жедел түрде қолдану керек болған жағдайда қолдануына орай осылай атайды. Жалпы, әйелдерге олар жыныстық қатынасқа аз түссе де, контрацепцияның қолайлы әдісін дәрігерімен бірге таңдауға кеңес береміз. Бұл сіздің денсаулығыңыз үшін әлдеқайда жақсы болмақ.
Өзіңізге және денсаулығыңызға мұқият болыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз:
Жатыр миомасының белгілері қандай?