Бірден және ешқандай артық сөзсіз жауап береміз: “Жоқ! Заманауи аралас
оральды контрацептивтер әйелдің фертильділігіне әсер етпейді. Бұл кең таралған
жаңылыс өткен жүзжылдықтағы аналарымыз бен апаларымыздан келген. Ол негізсіз,
себебі соңғы жылдары фармокология жақсы дамуда. Оған қоса, жүргізілген
зерттеулер аналық жасушаның поликистозды синдромы бар контрацепция қабылдаған
әйелдерде бала көтеру таблетка қабылдамаған әйелдерге қарағанда тезірек
жүретіндігін көрсетті. Сондай-ақ контрацепция
қабылдаған әйелдер тобы мен таблетка қабылдамаған әйелдер тобын зерттегенде
жүктілікті жоспарлау мен бала көтеру аралығындағы уақыт мөлшерінде айырмашылық
жоқ екендігі анықталды. Себебі, дәрілік затты қабылдамай қойсаңыз контрацептив
әсері тоқтайды. Сатистика дәрілік затты қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірінші
цикл кезеңінде 20% әйелдер жүкті болатынын көрсетті. Ал 80% 1 жыл көлемінде бала көтереді. Ең қызықтысы,
АОК мүлде қабылдамаған әйелдердің жүкті болу мүмкіндігінің пайызы тура сондай.
Оған қоса ребаунд-эффект жүзеге асады,онда дәрілік затты 3 ай қабылдап оны
тоқтатқан кезде ол овуляцияны
белсендіреді. Бұл кейбір жағдайларда бала көтеруге көмектеседі.
Өзіңізге мұқият болыңыз және жаңсақ пікірлерге сене бермеңіз.
Сондай-ақ оқыңыз:
Босануды бақылау таблеткалары зиянды ма?