Презервативтер контрацепцияның барьерлік әдіс түрлеріне жатады. Барлық барьерлік
контрацепция тізіміне— вагинальды спермицидтер, диафрагмалар, цервикальды қалпақшалар,
жүктілікті алдын-алу губкалары кіреді, — мұнда презервативтер ерекше орынды
иеленеді. Бұл көп адамдарға жүктілікті
алдын алудың үйреншікті әрі танымал әдісі. Оның артықшылықтары мен
кемшіліктерін атап өтсек.
Презервативті қолдану артықшылықтары:
жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтайды;
жүктіліктің алдын алады;
бағасы қымбат емес;
қолжетімді —кез-келген дәріханадан сатып алуға болады;
физиологиялық себептерге байланысты гормональды
контрацептивтерді қолдана алмайтын әйелдерге қолдануға болады ;
Презервативті қолдану кемшіліктері:
ер адам жыныс мүшесінің сезімталдығы төмендейді,
сондықтан төсекте толық ләззат алуға кедергі келтіреді;
презервативті кию үшін уақыт пен иекмділік керек. Бұл
көңіл-күйді түсіріп, махаббат жалынын
бәсеңдетіп жіберуі мүмкін;
Оның эстетикалық емес түрі бойда тітіркену сезімін тудырып, либидоны түсіріп жіберетін кездері
де болады;
Бұл әдістің контрацепциялық сенімділігі жоғары емес.
Контрацепцияның оральдық түрі болсын, барьерлік түрі болсын өзінің артық
жақтары мен кем жақтары болады. Біздің физиологиялық және эстетикалық
мүмкіндіктерімізге орай сіз өзіңізге ыңғайлы жүктілікті алдын-алу құралын
таңдай аласыз. Ең бастысы өз денсаулығыңызға деген күтім.
Сіздерге денсаулық тілейміз!
Сондай-ақ оқыңыз:
Жыныстық үзіліс: жүктіліктің ықтималдығы