Біздің оқырманымыздан сұрақ: «Біз жұбайымыз екеуміз жүктіліктің алдын
жыныстық қатынасты үзу арқылы аламыз. Бала туылмас бұрын мен бұл жайында көп
ойланбайтын едім, себебі ерте ме кеш баланы дүниеге әкелу жоспарда болған.
Бірақ қазір біздің отбасымыз “демографиялық минимум жоспарын” орындап болған соң, уайымдай
бастадым. Айтып жіберіңізші, үзілген
жыныстық қатынаста көтеріп қоймауға 100% сенімді болуға болады ма?”.
Актуальды сұрағыңызға рахмет. Отбасыда баланың дүниеге келуі мәселе шешу
емес, қуанышты күткен оқиға болғандығы
жақсы ғой. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен отбасыны жоспарлауда ақылға салып
ойланатындығыңыздың көрсеткіші.
Жағымсыз жаңалық, үзілген жыныстық қатынас контрацепцияның сенімді әдісі
емес:
Ер адамдар эякуляцияның келуін үнемі сезіп, басқара алмайды;
жыныстық қатынастың алдында аз мөлшерде сперматозоид бөлінуіне
байланысты жүкті болып қалу қаупі артады.
Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей алғаш бөлінген сперматозоидтар тез қимылдайды. Бұл да жүкті болып қалудың
қаупін арттырады.
Өзіңізді күтіңіз!
Сондай-ақ оқыңыз:
Контрацепцияның ең тиімді әдісі қандай?