Менструальдық
циклдің бұзылу себептерін анықтау үшін әйел денсаулығының бастапқы қалпын білу маңызды:
● жасын
● тұрмыс құрған немесе тұрмыс құрмағанын
● тұрақты серіктің бар болуын немесе жоқ болуын
● менопауза фазасында болуын немесе болмауын
● әлі де өзінің гормоналды фонын қалыптастырып
жатқан жас қыз болуыңыз.
Алайда, бұл жағдайда бостан-босқа
дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Әрбір әйел өмірінде кем дегенде бір рет осындай
проблемаға тап болады.
Менструальдық циклдің бұзылуына не
"себеп" болуы мүмкін?
● Жүктілік
● Артық салмақ немесе оның жетіспеушілігі
● Эмоционалды шамадан тыс жүктеме, мысалы,
ажырасу немесе жұмыстан шығып қалу
● Климаттың өзгеруі немесе өмір салтын өзгерту,
мысалы, уақыт белдеуін ауыстыру немесе өзгерту.
Егер жоғарыда айтылған
себептердің бірін өзіңізден тапсаңыз, онда алаңдауға негіз жоқ. Жағдай
түзелгеннен кейін менструация қалпына келеді.
45-55 жас аралығындағы әйелдер үшін етеккір циклының
бұзылуына алаңдаудың мағынасы жоқ – бұл фактіні қабылдау, бұл ағымдағы үрдістер аналық бездің бірте-бірте
қартаюынан туындауы мүмкін. Бұл норма. Дегенмен де дәрігерге көрінген абзал.
Егер осы себептердің барлығын
өзіңізден таппасаңыз, онда циклдің бұзылуы гормоналды бұзылысқа немесе
гинекологиялық ауруларға байланысты болуы мүмкін. Бұл жатырдан тыс жүктілік,
жатыр миомасы, қатерлі немесе қатерсіз ісіктер, эндометриоз, қалқанша безінің
ауруы, туберкулез болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда, егерде әйел етеккір
циклінің бұзылуына тап болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесуді ұсынамыз.
Сіздерге зор денсаулық тілейміз!
Сондай-ақ оқыңыз:
Дәрігер бетіндегі безеуден ауызша контрацептивтерді тағайындады. Қандай қатынас?