Гинеколог
қоюға тиіс сұрақтардың реттелген тізімі жоқ. Бірақ сіздің дәрігердің
сұрақтарына толық әрі ашық жауап беруіңізді, сіздің қазіргі жағдайыңызды дұрыс
анықтауға көмектесетінін түсінуіңіз керек. Қабылдау кезінде маман сізге қоя
алатын сұрақтар тізімін қараңыз:
*
Алғашқы етеккір қай жаста басталды?
*
Жыныстық өмір қашан басталды?
*
Соңғы етеккірдің күні есіңізде ме?
*
Сіздің етеккір цикліңіз қандай?
*
Еттеккір қанша күнге созылады?
*
Жыныстық қатынас кезінде сақтық құралдарын қолданасыз ба? Олай болса, қандай
әдістер мен құралдарды қолданасыз?
*
Сіз созылмалы аурумен ауырасыз ба?
*
Қанша рет жүкті болдыңыз?
* Қанша
рет бала тудыңыз?
* Жүктілікті үзген кездеріңіз болды ма? Олай болса, қанша рет? Қандай әдістермен?
*
Неге шағымданудасыз? Артық вагинальды бөлінді, ауырсыну сезімі бар ма?
Бұл
ең стандартты сұрақтардың тізімі. Алайда тәжірибелі гинеколог олармен
шектелмеуі мүмкін. Ең бастысы-сенетін дәрігерді таңдау және оның ұсыныстарына
құлақ асу. Бұл сонымен қатар емдеу процесіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі
екенін ұмытпаңыз!
Сізге
зор денсаулық тілейміз және өзіңізге ұқыпты болыңыз!