20 ғасырдың қайталанбас жаңалықтарының бірі оральды контрацептивтер болып табылады. Постсоветтік аймақтағы әйелдердің тұрақты сеніміне орай олар оральды контрацептивтерге сенімсіздікпен қарайды. Бұл уақытта Америка мен Еуропаның фертильды жастағы әйелдерінің жартысынан көбі осы жолмен жүктіліктің алдын алуды таңдайды. 90% еуропалықтар мен американдықтар бұл дәрілік затты қабылдауға ниет білдіреді, 45% оны бұрын-соңды қабылдаған және 16% тұрақта түрде қабылдайды. Дәл осы фактор Америка мен Еуропа елдерінде аборттың аз көрсеткіш көрсетуіне алып келеді.
Бізде, Совнет Үкіметінің бұрынғы
республикаларында жағдай мәз емес. Жалпы, біздің әйелдер қауымы жүктілікті
алдын алдуда презервативті немесе үзілген жыныстық қатынасты таңдайды. Тек
шамамен біздің елдердегі 4-5% тұрғындары
ғана аралас оральды контарцептивтерді қолданады. Не дегенмен шын мәніндегі
жай-күйді зерттеп білгенше, гормондар мен жүктіліктің алдын алу таблеткалар
жөніндегі жаңсақ пікірлерге сену оңайырақ. Біздің аналарымыз бен апаларымыз
өткен замандағы гормональды дәрілік заттарды қолданған. Уақыт өткелі
технологиялар алға жылжыды, қазіргі АОК құрамы соншалықты оңтайлы болуы оны тек
қана жүктіліктің алдын алуға ғана емес, сондай-ақ түрлі жағымды әсері үшін
қолданады.
· Ағзаның гормональды балансын реттейді—сіздің теріңіз тартылып, остеопороздың пайда болу қатері азаяды, көңіл-күй көтеріледі, өзіңізді жақсы сезінесіз;
· етеккір кезінде қан жоғалту мөлшері азаяды;
· менструальды циклды реттейді;
· әйелдің жыныс
мүшелерінде қатерлі ісіктің пайда болу қаупін азайтады;
· жатыр мен жатыр қосымшаларының
қабыну мөлшерін азайтады;
· жатыр сыртындағы
жүктілік қатерін азайтады.
Ең бастысы кез-келген дәрілік затты қабылдауда маманнан кеңес алу керек. Ол
сіздің денсаулығыңыздың жағдайына байланысты қажет жүктіліктің алдын алу
таблеткаларын жазып береді. Сосын өткен
жүзжылдықтағы әйелдер қорқынышын ұмытыңыз, прогресс бір орында тұрған жоқ. Ал
аралас оральды контрацептивтер сіздің денсаулығыңызды сақтауға және жүктілікті дұрыс жоспарлауға
көмектеседі.
Сондай-ақ оқыңыз:
Презервативтер: артықшылықтары мен кемшіліктері