Бірінші рет гинеколог қабылдауына барар
кезде емделушілер гинеколог
тексеруді қалай жүргізеді?-деген сұрақтарды
жиі қойып жатады.
Әрине, бұл сізде туындаған мәселелер мен келген дәрігеріңізге тікелей байланысты. Кейде тексеру нәтижесінен кейін дәрігерден тек кеңес алу ғана жеткілікті болса, ал кейде кешенді түрде тексерілуден өтуді қажет етеді.
Базалық тексерілуге нелер кіреді?
✔ Бірінші рет кеңес алу;
✔ Тексерілу;
✔Зерттеу үшін жағынды алу.
Егер емделушінің жағдайында сұрақтар туындаса, маман кабинетіне келген соң мұқият тексерілу талап етіліп, төмендегідей қосымша тексерілуден өту міндеттелді:
✔ Гармондарға анализ алу;
✔ Биопсия;
✔ МРТ және басқалар.
Тек дәрігер ғана емделушінің қандай тескерістен өтетінін белгілей алады. Ол мынадай ақпараттар жинақтау арқылы анықталады: шағымдар, жүктілік туралы ақпараттар, босану жайлы ақпарат, түсік тастау, жүктілікті ерте бастан үзу, етеккір айналымы туралы ақпарат және басқалар. Сондай-ақ тексеру барысында дәрігер емделушінің сол кездегі жағдайы мен туындауы мүмкін мәселелерді де ескереді.
Сондықтан гинеколог кабинетіне кірмес бұрын өзіңізде туындап жүрген мәселелерді анықтап, сол мәселелер бойынша кәсіби кеңес алуға дайындалуыңыз керек.
Сіздерге зор денсаулық тілейміз!
Сондай-ақ оқыңыз:
Қабылдау кезінде гинекологқа қандай сұрақтар қою керек?