Етеккір циклінің қалпына келуі – жеке адамға тән процесс және ол көптеген факторларға тәуелді. Босану түрін – табиғи босану немесе кесарь тілігі арқылы, әйелдің гормондық фонының жай-күйін ескерген жөн, сондай-ақ туылған балалардың саны, тамақтандыру типі, дұрыс күн режимі мен тамақтану режимі, күйзелістің болмауы үлкен рөл атқарады.
Егер әйел емшек емізуден бас тартса, күрделі патологиялары болмаса, етеккір 5-7 аптадан соң-ақ басталады. Қырағылық танытқан жөн: осы кезде жаңа жүктілік болып қалуы мүмкін!
Емшек емізген кезде не болады? Гормондық фон сүттің өндірілуін бақылайтын және аналық безде жұмыртқа жасушасының пісіп-жетілуін басатын пролактин гормоны әсерінен өзгереді, нәтижесінде етеккір ең аз дегенде 2 айдан соң басталуы мүмкін, бірақ етеккірдің босанғаннан кейін жарты жылдан соң және одан да кеш басталған жағдайлары да кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз:
Химиялық контрацептивтер тиімді ме?