Контрацептивті пластырь жүктілікті алдын алудың гормональды әдісіне жатады. Себебі ол аралас
оральды контрацептивтер секілді құрамында екі түрлі гормоны бар. Ол овуляцияны
тоқтатып, сперматозоидтардың жатыр мойнына енуіне кедергі келтіреді.
Ол кішкентай пластрды тазартылған және майсыздандырылған арқа, іш және бөксе
аймағына жабыстырады. Үш апта бойы бірінен соң бірін 3 пластрьды әр 7 күн сайын
ауыстырып қолдану қажет. Соысн жүктілікті алдын алу таблеткаларын
қолданғандағыдай 7 күндік үзіліс жасап, жоғарыдағы схеманы қайтадан
қайталаймыз. Бұл циклды схеманы бұзбай қайталау қажет. Бұл контрацепциялық пластырь нәтижелілігі егер сіз дисциплина
танытсаңыз жоғары болмақ .
Жүктілікті алдын алудың бұл түрін қандай жағдайда қолданбаған дұрыс?
Белгілі бір медициналық дәрілік заттарды қабылдауда дәрігерді міндетті түрде ескертіңіз.
Егер сіздің салмағыңыз 90 кг артық
болса;
Егер сізде тұрақты жыныстық қатынасқа түсетін адамыңыз болмаса, ол
жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтамайды;
Контрацептивті пластырьды маманның көмегімен таңдау қажет, себебі ол бұл әдістің сізге оңтайлылығын анықтау қажет. Өзіңізге мұқият болыңыз!
Сізге зор
денсаулық тілейміз.
Сондай-ақ оқыңыз:
Контрацепция әдістері