Аномальды жатырдан қан кету қаупін
азайту үшін:
- жылына 1 рет
гинекологтан профилактикалық тексеруден өту;
- жылына 2 рет қан
кету қаупі болған жағдайда гинекологтан
тексерістен өту;
- гинекологиялық аурулардың
сиптомдары байқалғанда маманға жүгіну;
- эндокринологқа жиі бару және
анықталған эндокринді ауруларды емдеу;
- өзіңізді емдеумен айналыспаңыз;
- гормональды контрацептивті препараттарды тек маманның
кеңесі бойынша қабылдаңыз;
- интимді гигиенаны сақтау;
- дұрыс және оңтайландырылған тамақтану жөнінде
мамандардың кеңесін орындау;
- спортпен жеткілікті деңгейде айналысу;
- салмақты қадағалау, салмағыңыз сіздің жасыңыз бен
бойыңызға сай келуі керек;
- стресске салынбау және
ағзаңызға артық физикалық күш түсірмеу.
Жоғарыда
көрсетілген алдын алу жолдарын сақтау арқылы сіз туындаған кез-келген мәселені
анықтай аласыз.
Сіздерге
зор денсаулық тілейміз және өзіңізге мұқият болыңыз!
Сондай-ақ оқыңыз:
Соңғы 5-6 айда етеккір тұрақты емес. Неліктен бұл болып жатыр?