Әйел гормондары жастық шақты ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі ме?

Қызықты фактілердің бірі: біз туғаннан бастап қартаюды бастаймыз. 20-22 жасқа дейінгі аралық ешкімді қорқытпайды. Әдетте қорқыныш сезімі алғашқы әжімдер пайда болғаннан кейін туындайды. Және бұл, әдетте, 25 жасқа толғанда белгілі болады.

Тері қартаюының алғашқы белгілері:

  • терінің табиғи ылғалдануы нашарлайды;
  • тері икемділігін жоғалтады;
  • алғашқы мимикалық әжімдер пайда болады;
  • тіндердің қалпына келуі баяулайды.

Гипоталамус гормондар мен жүйке импульстарын өңдеуге сезімталдықты жоғалтады, нәтижесінде қартаю процесі басталады. Әйелдің жыныстық гормондары эстроген және прогестерон (45+) жастан кейін аз өндіріле бастайды. Ағзаның қартаю процесі жеделдетіледі, нәтижесінде теріміз кебеді. Сонымен қатар, эстроген терімізге серпімділік беретін коллаген мен теріні ылғалдандыруға көмектесетін гиалурон қышқылын өндіруге көмектеседі. Жылдан жылға тері жайлап қартая береді. Менопауза кезінде бұл процесс тезірек жүреді. Шамамен 3-5 жылдан кейін терінің коллагенді жоғалтуына байланысты ол атоникалық қалыпқа түседі және қартая бастайды. Бұл жағдайда менопаузалық гормондық терапия терінің еріксіз қартаюынан және кебуінен құтқара алады. Оның қалай көмектесетінін түсіну үшін осы препараттардың құрамын зерттеу жеткілікті:

  • эстрогендер;
  •  прогестогендер.

Олар біздің теріміздің жастығын ұзартады.

Сізге көптеген жылдар бойы жас қалпыңызды сақтап, күш-қуатқа толы болуды тілейміз!

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.