АОК қабылдауда жүкті болып қалдым, ол болашақ баламның денсаулығына зиян ба?

Жүктілікті алдын алу құралдарын қолданғанда бала көтеріп қою мүмкіндігі жайында сұрақтар көп қойылады. Жауап береміз: Ия, мүмкін. Мамандар үнемі бірде-бір контрацептивті заттар жүктіліктің 100 % алдын алмайды деп ескертеді.

Сол уақыта дәл осы аралас оральды контрацептивер қазіргі таңдағы нарықта ең сенімдісі болып табылады. Ең бастысы қабылдау графигін бұзбау, сол жағдайда ғана сіз өзіңізді күтпеген жағдайдан қорғай аласыз. Бірақ, сұраққа келсек:  сіз преоральды жүктілікті алдын-алу таблеткаларын қабылдап жүріп бала көтеріп қойдыңыз және босануға бел будыңыз. Бұл болашақта баланың денсаулығына кері  әсер етеді ме ? Есте сақтаңыз, жүкті екендігіңізді білген соң, бірден контрацептивті таблеткаларды қабылдауды тоқтатыңыз. Дәрігер қабылдауына жазылыңыз. Егер ол бала көтеру фактісін растаса, сіздің кейінгі іс-әрекетіңізді нақтылап береді. Бала көтеру фактісі расталып, баланы дүниеге әкелу шешімін қабылдаудан кейін сіз бала өмірінің қауіпсіздігі үшін барлық қауіпсіздік шаралары мен жағдайды жасауыңыз керек.  Ал ең бастысы АОК қабылдау кезінде ұрықтандырылу фактісі  баланың денсаулығына әсер етпейді. Бұл жердегі мәселе, жүктілік белгілерін контрацептив қабылдаудың жағымсыз әсерімен шатастырып алмауыңыз керек. Бұл ана мен бала денсаулығына белгілі бір дәрежеде қауіп-қатер алып келеді. Сондықтан,  егер аралас оральды контрацептивті қабылдау барысында бірнеше ай өткеннен соң жүрегіңіз айнып, емшек сезімталдығы пайда болса, етеккір келуі кешеуілдесе-бала көтеру мүмкіндігін алып тастап, пайда болған симптомдардың себебін анықтау мақсатында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.

Өзіңізді күтіңіз!

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.