Жедел контрацепция таблеткаларын үнемі қолданамын. Бұл зиянды ма?

Көбінесе жедел контрацепция әдістерін тұрақты емес жыныстық қатынасқа түсетін әйелдер қолданады. Мысалы, айына бір рет немесе одан да аз түскен жағдайда. Көптеген адамдар мұндай препараттарды контрацепция үшін өте қолайлы деп санайды. Олардың құрамында 1,5 мг дозада левоноргестрел бар және олардың тиімділігі АОК-тардағыдай жоғары – 95%. Алайда жедел контрацепция препараттарын жиі қабылдау ұсынылмайды, оларды бір менустральдық цикл кезеңінде 1-2 реттен артық пайдалануға болмайды. Ол контрацепцияның басқа әдісі қолданылмаған жағдайда ғана ұсынылады. Бұл жағдайда, әрине, жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін жедел контрацепция әдісін қолданған абзал. Шынында да, жүктілікті үзу ағзаға қауіпсіз емес. Сіздердің назарларыңызды құрамында левоноргестрел бар контрацептивтерге назар аударғымыз келіп тұр, ол қауіпсіз және тиімді олар метаболизм процестері мен қанның ұюына айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ жедел түрдегі препараттарды оны жедел түрде қолдану керек болған жағдайда қолдануына орай осылай атайды. Жалпы, әйелдерге олар жыныстық қатынасқа аз түссе де, контрацепцияның қолайлы әдісін дәрігерімен бірге таңдауға кеңес береміз. Бұл сіздің денсаулығыңыз үшін әлдеқайда жақсы болмақ.

Өзіңізге және денсаулығыңызға мұқият болыңыз.

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.