Жүктілікті алдын-алу инъекциялары – бұл жақсырақ әрі нәтижелірек пе?

Қазіргі нарықта 15 түрлі контрацептив түрі  бар. Дегенмен, оның бірде біреуі  100% нәтижелілігімен мақтана алмайды. Оның нәтижелілігі  көбінесе, контрацепция құралынан емес, оны қолдану нұсқаулығын нақты әрі күнделікті дұрыс орындауыңызға байланысты. Соның ішінде, нарықта танымалдылардың негізігі тізбесін еске түсірсек:

● Ер адамдар презервативтері — оның жүктілікті алдын алу нәтижелілігі 98%  бағаланады. Оған қоса, ол жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғайды.

● Әйелдер презервативтері — қынаптың анатомиялық ерекшеліктері мен бұл құралдың орналасу орнына байланысты сенімділігі аздау. Ол жыртылып кетуі мүмкін, ер адамның жыныстық қатынас мүшесі қынап пен презерватив арасында қалып калуы мүмкін. Оның нәтижелілігі 95%.

● Таблетка — нәтижелілігі 99% жоғары. Бірақ, адамдық фактор мұнда маңызды рөл ойнайды. Ұсынылған графигінен 1-2 рет  қабылдауды ұмытып кетсеңіз, нәтижелілігін  91% түсіріп жібересіз. Егер сіз қабылдауды үнемі ұмытып кете беретін болсаңыз, жүктілікті алдын алуға жасап жатқан әрекеттеріңіздің мағынасы болмай қалады.

● Жатырішілік спираль нәтижелілігі 99%. Ол ағзада 10 жыл тұра береді. Бұл жерде кішігірім ескерту бар: егер әйелде бұрын инфекционды қабыну процессі болса, оған спираль қоюға болмайды. Оған қоса жатыр бөгде затты қабылдамай қоюы мүмкін.

● Жүктіліктің алдын алу инъекциялары өте нәтижелі болып есептеледі —  99 % жоғары. Олар басқа дәрілік заттарды қабылдауға әсерін тигізбейді.

Контрацептивті инъекцияларды қабылдауды тоқтатқан күннің өзінде  шамамен 1 жылдан соң ұрықтану қабілеті қайтадан қалпына келеді. Ия, бұл жүктіліктің алдын алу жолдарының толық тізімі емес. Тек қана маман ғана «жоспарланбаған жүктіліктен» сақтап, денсаулығыңыздың мәселелерін шешуге көмекесетін жолын ұсына алады.

Сіздерге мықты денсаулық тілейміз!

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.