Студенттік емханадағы гинекологқа қабылдауға бардым. Дәрігердің кейбір сұрақтары менің оған жүгінгенімнің себебінен мүлдем байланысты емес болып көрінді. Дәрігер қоюға тиіс сұрақтар тізімі бар ма?

Гинеколог қоюға тиіс сұрақтардың реттелген тізімі жоқ. Бірақ сіздің дәрігердің сұрақтарына толық әрі ашық жауап беруіңізді, сіздің қазіргі жағдайыңызды дұрыс анықтауға көмектесетінін түсінуіңіз керек. Қабылдау кезінде маман сізге қоя алатын сұрақтар тізімін қараңыз:

* Алғашқы етеккір қай жаста басталды?

* Жыныстық өмір қашан басталды?

* Соңғы етеккірдің күні есіңізде ме?

* Сіздің етеккір цикліңіз қандай?

* Еттеккір қанша күнге созылады?

* Жыныстық қатынас кезінде сақтық құралдарын қолданасыз ба? Олай болса, қандай әдістер мен құралдарды қолданасыз?

* Сіз  созылмалы аурумен ауырасыз ба?

* Қанша рет жүкті болдыңыз?

* Қанша рет бала тудыңыз?

* Жүктілікті үзген кездеріңіз болды ма? Олай болса, қанша рет? Қандай әдістермен?

* Неге шағымданудасыз? Артық вагинальды бөлінді, ауырсыну сезімі бар ма?

Бұл ең стандартты сұрақтардың тізімі. Алайда тәжірибелі гинеколог олармен шектелмеуі мүмкін. Ең бастысы-сенетін дәрігерді таңдау және оның ұсыныстарына құлақ асу. Бұл сонымен қатар емдеу процесіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі екенін ұмытпаңыз!

Сізге зор денсаулық тілейміз және өзіңізге ұқыпты болыңыз!

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.