Жүктілікті жоспарлау кезеңінде қандай талдамалар тапсырған дұрыс?

Жүктілікті жоспарлау кезеңіндегі барлық іс-шаралар мынадай қауіпті болдырмаудың алдын алуға бағытталады:

· Сәбиде туа бітті ауруларды болдырмау;

· Жүктілік кезінде әйелдің жағдайы нашарламауы;

· Босану кезінде асқынулардың қаупін жою.

Дайындық тексерулері анаға (әкеге) ұрықтанудан 4-5 ай бұрын басталады.

Сонымен бастаймыз:

Әйел қандай врачтарға көріну қажет?

1. Әйелдер консультациясы бойынша акушер-гинекологқа барғанда инфекциялық ауруларды анықтау үшін олар сізді профилактикалық екпелерге, дәрігер-стоматологқа және лор врачқа жіберуі мүмкін.

2. Терапевт-врач сіздегі созылмалы ауруларды, вирустық инфекцияларды анықтап, қан қысымыңызды өлшейді.

3. Егер де тұқымқулаушы аурулар болған жағдайда генетикке баруыңыз керек.

Жүктілік алдында қандай талдамалар жасату қажет?

1. Зәрдің жалпы талдамасы;

2. Қанның жалпы талдамасы;

3. Қанның биохимиялық талдамасы;

4. Қанның резус-факторға байланысты талдамасы;

5. Инфекциялық ауруларды анықтауға арналған талдама;

6. ВИЧ ауруына және В және С гепатитіне қарсы талдама;

7. Гармондарға байланысты қан талдамасы (қалқанша без ауруларын анықтау үшін);

8. Паразиттік инфекияларды анықтайтын талдама: желшешек, қызылша, ұшық және листериоз аурулары.

9. Зәр шығару жолдарын УДЗ-ге түсіру.

10.  Сүт бездерін тексеруден өткізу.

Есіңізге сақтаңыз: сізге қандай талдама жасату керектігін дәрігер қаблдауына барған кезде дәрігер тағайындайтын болады.

Өзіңізді және болашақ балаларыңыздың денсаулығын сақтаңыз!

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.