Етеккірдің басталуына бір апта қалғанда кеуденің ауырсынуы қауіпті ме?
Әйелдің репродуктивті жүйесінің жұмысы бірқатар гормондармен реттелетіндігінен бастайық. Солардың әсерінен репродуктивті жүйенің барлық органдары, сүт бездерін қоса алғанда, бала біту мен оны көтеру үшін тиімді жағдайлар жасауға бейім келетін жүйелі өзгерістерге ұшырап отырады. Мастодиния, немесе сүт бездерінің етеккір циклінің екінші фазасында қатқылдануы және ауырсынуы гормондардың күшейтіле өндірілуінен және прогестерон гормонының сүт бездері тіндеріне әсерінен туындайды. Ол осы етеккір циклінде овуляцияның болғандығының куәсі болып табылады. Бұл қалыпты физиологиялық процесс. Бірақ оның жағымсыз «кері әсері» бар: тіндерде сұйықтық бөгеледі, сүт бездері сыздап ауырсынып, ісінеді және тығыздалады, соңы етеккірдің келуімен аяқталады. Жағымсыз сезімдерді қалайша кемітуге болады? Әйелдер арсеналында бірнеше құпия техника бар: • Жылы ванна немесе қарама-қарсы душ зорығу сезімін керемет жояды. • Дұрыс таңдалған іш киім – ауырсынуды басудың тағы бір әдісі. • Рационыңыздан тұздалған және ащы тағамдарды, сондай-ақ алкогольді алып тастау ауырсыну сезімін босаңсытуға көмектеседі. Басты ескертпе: көбі ауырсынуды тоқтату үшін ауырсынуды басатын таблеткаларға жүгінеді. Бірақ, Сізде ай сайын сыздап ауыратын емес, біруыс таблетка ғана көмектесетін қарқынды ауырсыну белгісі болса, дәрігерге барыңыз. Кеудедегі ауырсыну сезімдері гормондық ауытқу, кіші жамбас органдары қызметінің бұзылуы немесе мастопатия сияқты аурулардың үрейлі белгілері болуы мүмкін. Жайсыз күйдің шынайы себебін анықтау және тиімді ем алу үшін міндетті түрде мамандарға – гинеколог пен маммологқа жүгініңіз.

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.