Әйелдер денсаулығы апталығы #4women_rg

2021 жылдың 26 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстанда «Әйелдер денсаулығы КЗ» жобасымен ұйымдастырылған #4women_rg әйелдер денсаулығының алғашқы аптасы өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық қоғамның назарын әйелдер денсаулығының проблемаларына аудару. 

"Gedeon Richter KZ" ЖШС (Гедеон Рихтер КЗ) бас директоры Ремигиюс Нараускас: «Әйел денсаулығы- біздің компанияның басты бағыттарының бірі. 120 жыл бойы біз әлемдегі әйелдердің дені сау болып, баланың дүниеге келуін жоспарлауға көмектесеміз. Сонымен қатар, Қазақстанда 25 жыл жұмыс жасау барысында қазақстандық әйелдер денсаулығын сақтауда біз дәрігерлермен халыққа білім беру іс-шараларын жүргіземіз. Осы мақсатпен біз әйелдер денсаулығы бойынша білікті мамандарға үнемі барып тұру және олармен аурудың алдын алу мәселелерін талқылау қажеттілігіне назар аударғымыз келеді».

Апта аясында қазақстандық медиа-тұлғалардың қатысуымен тікелей эфирлер өткізілді, олардың сұрақтарына танымал дәрігерлер, әйелдер денсаулығы саласындағы мамандар жауап берді. Қазақстандық әйелдер үшін әйелдер денсаулығы туралы қысқаша негізгі ақпарат беретін 3 маңызды талдамадан тұратын тегін шағын скрининг акциясы болып өтті. 100 қазақстандық әйелдер бұл мүмкіндікті сыйлық ретінде алды.Оңтүстік астана тұрғындары үшін алматы терренкурының қабырғаларының бірінде жарқын мурал түрінде тосын сый дайындалды. Суретте жарқын болашаққа ұмтылған қыз бейнеленген, оның қолында жобаның символы – әйелдің нәзік денсаулығын білдіретін пион букеті бейнеленген. 

Біздің мақсатымыз – әйелдердің денсаулығы ерте жастан басталып, өмір бойы ерекше назарды талап ететінін еске салу.

Апталық туралы ақпаратпен толығырақ @kwh.kz Instagram-да немесе Facebook-те "Әйелдер денсаулығы КЗ" әлеуметтік парақшаларынан #4women_rg хэштегі арқылы таныса аласыз.

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.