Жақында керемет сәбидің анасы атандым. Бұл - менің алғашқы бөпем. Босанғаннан кейін етеккірдің қалыпты жағдайда қашан басталатындығын білейін деп едім?

Етеккір циклінің қалпына келуі – жеке адамға тән процесс және ол көптеген факторларға тәуелді. Босану түрін – табиғи босану немесе кесарь тілігі арқылы, әйелдің гормондық фонының жай-күйін ескерген жөн, сондай-ақ туылған балалардың саны, тамақтандыру типі, дұрыс күн режимі мен тамақтану режимі, күйзелістің болмауы үлкен рөл атқарады. 

Егер әйел емшек емізуден бас тартса, күрделі патологиялары болмаса, етеккір 5-7 аптадан соң-ақ басталады. Қырағылық танытқан жөн: осы кезде жаңа жүктілік болып қалуы мүмкін! 

Емшек емізген кезде не болады? Гормондық фон сүттің өндірілуін бақылайтын және аналық безде жұмыртқа жасушасының пісіп-жетілуін басатын пролактин гормоны әсерінен өзгереді, нәтижесінде етеккір ең аз дегенде 2 айдан соң басталуы мүмкін, бірақ етеккірдің босанғаннан кейін жарты жылдан соң және одан да кеш басталған жағдайлары да кездеседі.

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.