Гормондық препараттардың көмегімен жастық шақты ұзартып, әйел денсаулығын сақтап қалуға бола ма? Не ұсынар едіңіз?
Менің эстроген деңгейім нормадан төмен және жасым 45+. Дәрігердің тағайындауы бойынша жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектер қабылдай бастадым, бірақ ұйқы безінің қабынуы түріндегі жаңа проблемаға тап болдым. Басқа органдарға залал келтірместен, жастық шағымды ұзарту және әйел денсаулығын сақтау үшін нені ұсынар едіңіз?

Гормондық препараттардың әртүрлі мақсаттарда пайдаланылатын көптеген түрлері бар. Олар таблетка түрінде де, тығындәрі мен жақпамай түрінде де ұсынылады. Кейбір гормондық құралдар, расымен де, тері мен шаштың жай-күйіне оң әсер етуі мүмкін. Бірақ ауыз арқылы қабылданатын препараттардың АІЖ-ына да кей әсерін тигізуі мүмкін екендігін назарға алған жөн. Яғни, асқазан-ішек жолдары жұмысының нормадан біршама ауытқуы болған жағдайда, дәрігердің қосымша кеңесі қажет болады. Сізге гастроэнторолог дәрігерге тексерілуді ұсынамыз. Ал содан соң гормондық емнің Сізге лайықты әдісін таңдау немесе ол емнің жалпы қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін міндетті түрде гинекологқа жүгіну қажет. 

Деніңіз сау, жас қалпыңызды сақтаңыз!

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.