Етеккір күнтізбесі: хабар беруші ме әлде жоқ па?

Ең алдымен  бұл күнтізбе  арқылы  сіз  ұрықтану  құбылысын  жоспарлай  аласыз немесе керісінше   еріктен тыс  жүктіліктен  сақтана  аласыз.  Егер  сіздің  қолыңызда  11-12 айға  жүргізілген  етеккір айналымының  кестесі болса  сіз  өзіңіз-ақ  «қауіпсіз  күндерді» есептеп  шығара  аласыз.

Осындай  күнтізбені  жүргізе  отырып сіз  өзіңіздің  етеккір  айналымыңызды анықтап, қай  күндер ұрықтануға  белсенді, қай  күндер үмітсіз  екендігін  анықтайсыз.

Айналым  бір  айдай  уақытқа (орта  есеппен  алғанда 28 күн) созылатындығы  белгілі. Етеккір  кезеңінен  кейінгі  бірнеше  күнде   жүкті  болудың  мүмкіндігі  жоғары. Сондай-ақ бұл  ұрықтардың  өміршеңдігіне, белсенділіне  де  байланысты. Нәтижесінде  алғашқы  5-6 күн  ұрықтануға  қолайлы  кезең  екендігін  байқайсыз.

Сондықтан  кімде ұрықтану  белсенділігі  жоғары болса  ететккір    айналымы  күнтізбесін  жүргізгені  дұрыс.  Алайда  бұл  барлығына  тиімді деп кесіп айта  алмаймыз, себебі бұл  әдіс  кейбіреулерді  еркінен тыс  жүктіліктен  сақтандыра  алмауы да  мүмкін. Өйткені  кейбіреулерде  ұрықтануға  тәуекелділік  деңгейі  аса жоғары болып келеді.  Мұндай  жағдайда  сізге  бақылаудың  басқа  әдістерін  енгізу  қажет.

Айта  кететін бір  жайт, бұл  әдіс жүктілікті жоспарлаудың  қауіпсіз  әрі  тегін  жолы  болғанымен, сенімді емес. Ең дұрысы  туындаған сұрақ бойынша  өз  гинекологыңызбен  кеңескеніңіз  дұрыс.

Өзіңізді  сақтаңыз!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру