Жатыр миомасын қалай емдеуге болады? Миоманы алып тастау отасына келіскен дұрыс па және оның салдары қандай?

Жатыр миомасы – ол, жалпы қатерсіз миоматозды түйіндер немесе жатырдағы фиброидтар. Олар, әдетте, әйел денсаулығына зақым келтірмейді. Көп жағдайда симптомсыз өтеді немесе түрлі симптоматикамен көрініс табады.

 

Шамамен 70% әйелдер миомамаен ауырғанда, оның жатырдың ішін жайлағанын да сезбей қалады. Миоматозды түйіндер жатыр қабырғасындағы бұлшықет тінінен өсіп шығады.Олардың мөлшері 1 см-ден ірі грейпфрут мөлшеріне дейін болуы мүмкін.

 

Миома салдарынан Америкада жылына 200 000 жатырды алып тастау отасы жасалынады. Жалпы, бұл ауруға 30 пен 45 жас аралығындағы әйелдер шалдығады.

 

Пайда болу қаупін спортпен айналысу арқылы төмендетуге болады, себебі артық салмақ бұл аурумен ауруға түрткі болады. Баланы дүниеге әкелу миоманың жақсы профилактикасы болуы мүмкін.

 

Миоматозды түйіндерге ота жасау немесе жасамау туралы шешім – оның мөлшері мен орналасқан жеріне байланысты.Бұл жағдайда толық тексерілуден өтіп, болашақта жүктілікті жоспарлап отырған әйелдер үшін дәрігер кеңесі керек. Және, әрине, әрбір үшінші емделушіде түйіндердің қайта өсуі байқалады.

 

Өзіңізді күтіңіз!

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.