Гормондарды, дәрілік заттар сияқты, әртүрлі мамандық дәрігерлері ертеден және кеңінен пайдаланып келеді. Әйелдің денсаулығы гормонмен емдеуді алмастырғыш ем немесе контрацепция ретінде гормондық препараттарды уақтылы тағайындауға тәуелді. Қазіргі уақытта әйелдер арасында «гормоннан қорқу» проблемасы аса өзекті. Мұндай жағдай гормондардың рөлі туралы төмен ақпарат алудан туындаған. Гормоннан қорқу, сондай-ақ, көбінесе, препараттар туралы ескірген ұғыммен байланысты.
Алғаш рет аралас ауыз арқылы қабылданатын контрацепцилар (ААК) өткен ғасырдың 1960 жылы пайда болды. Сол кезде нарықта тек жоғары мөлшерлі препараттар ғана болды, олар расымен де жетілмеген болатын және өмір сапасын әрдайым жақсарта бермейтін еді. Бірақ ғылым бір орында тұрмайды – заманауи препараттарда гормондардың мөлшері бірнеше есе төмен, контрацептивтердің құрамы, енгізу әдістері өзгерген, сондай-ақ әсер ету тетіктері мұқият зерделенген.
Дегенмен, Сізге лайықты гормондық контрацепцияны таңдау мәселесінде міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Тек дәрігер ғана қабылдаудың дұрыс режимін тағайындай алады немесе қажет болған жағдайда, препараты ауыстыра алады.
Сондай-ақ оқыңыз:
Босануды бақылау таблеткалары безеуге көмектесе ала ма?