Әйел денсаулығы неден басталады?
Қазақстандық атақты акушер-гинеколог, репродуктолог, ҚР ҰҒА акдемигі Локшин В.Н. контрацептивтер және ар-ұят қажеттілігі туралы

Бүгін бізді көптеген әртүрлі ақпарат қоршаған. Біз жаңалықтардан, фильмдерден, достармен әңгімеден, ғаламтордағы кездейсоқ материалдардан әлемді өзімізше танимыз. Егер біз үшін маңызды сұрақтарды білікті мамандарға қойсақ ше? Оның үстіне оны қарапайым тілмен, күрделі терминдерсіз жасасақ

Әйел денсаулығы және де жалпы алғанда «әйел» деп аталатын тақырып - түсінікті тілде айтылуы тиіс тақырып болып табылады. Бұл тақырыптар, бір жағынан қызықтырса, екінші жағынан қарсылық тудырады, ұялтады. Оның айғағы - қаралымдардың және ашулы түсініктемелердің көптігі.

Бұл тақырыптың «қызу» тақырып санатында болуының себебі, қоғамда бүгінгі таңда әйелдің кіммен тұрам, қашан және қанша бала табам деген таңдауының болуы үрей туғызады. Егер әйел дұрыс-бұрысты өзі таңдай алса, оның таңдауы қоғам пікірімен үйлесе бермейді. «Жақсы қыздар» ондайға жол бермес. Ал егер әйел жұрттың көңілінен шығатынды емес, өзінің жайлы жағдайын таңдаса ше?

Gedeon Richter компаниясы қазақстандық қоғамның назарын жаңа “Әйел денсаулығы” әлеуметтік-ағарту жобасын іске қосып, осы тақырыптың маңыздылығына аудару керек деп шешті (@kwh.kz). Әйел денсаулығына қамқорлық - осы салада сарапшы деп танылған компания қызметінің басым бағыттарының бірі. Жаңа жобамен қазақстандық әйелдердің маңызды әйел мәселелерінен хабардарлығын арттыру, мамандарға жиі бару қажеттілігін және өздігінен емделудің үлкен қауіп екендігін ескерту, сондай-ақ өзін күту мәдениетін қалыптастыру жоспарланбақ. Әйелдерді алаңдатқан және де бөлісе алмайтын мәселелерді талқылауға Gedeon Richter қазақстандық дәрігерлерді шақырады.

Gedeon Richter-мен шақырылған репродуктолог дәрігер, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор Вячеслав Нотанович ЛОКШИНМЕН кездесу жақында өткен Халықаралық контрацепция күніне орайластырылған. Қырық жылдық жұмыс тәжірибесі бар атақты акушер-гинеколог әйел денсаулығы мен қазіргі заманғы контрацепция туралы аңыздын бетін ашты. Сондай-ақ, әйел денсаулығына ненің әсер ететіндігі, контрацептивтерді кімнің, қалайша таңдау қажеттілігі және ұят сезімін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.

- Вячеслав Нотанович, әйел денсаулығы дегеніміз не?

- Әйел денсаулығы, әйелдің ұрпақ жаңғырту денсаулығы - әйелді ештеңе алаңдатпайтын физикалық, психикалық және ұрпақ өрбіту қолайлылығы күйі. Ол өзін физикалық, моральдық, психо-эмоционалдық тұрғыдан жайлы сезінеді. Егер ол сақтанбаса, бір жыл ішінде жүкті болады. Бүгінгі таңда көптеген әйелдер бала тууды екінші-үшінші орынға қояды, мансаппен айналысады, зиянды әдеттері болады. Әйел денсаулығы ұғымын дәрігерлер ойлап тапқан жоқ. Әйелді мұндай етіп жаратқан Құдай, оның етеккір циклі, жатыры, әр циклдің соңы жүктілікпен аяқталатындай етіп жұмыс жасайды. Дәл сол себепті әйелде жүкті болуы үшін кедергі жоқ болса, оның дені сау саналады

Әйелдің дені сау болуы үшін оның денсаулығына құрсақта дамып жатқан кезеңнен бастап алаңдаушылық таныту қажет. Оның анасының жүктілігі кері әсерлерге - керек емес дәрі-дәрмекке, химиялық агенттерге, күйзеліске ұшырамауы тиіс. Босанғаннан кейін дұрыс дамуы тиіс. Кез келген қабынбалы аурулармен ауырмауы тиіс - бұның барлығы иммундық және эндокринді жүйеге кері әсер етеді. Пубертат кезеңінің қалай өтетіндігі де өте маңызды. Қазіргі уақытта қыз баланың алғашқы етеккірі 11-12 жасында келеді. Қыз баланы осы оқиғаға дайындаған маңызды, оның адамгершілік және жыныстық тәрбиесімен кәсіби айналысу маңызды. Егер 16 жасқа дейін етеккірі келмесе, дабыл қаққан, акушер-гинеколог дәрігерге жүгінген, тексерілген жөн. Әйел денсаулығы үшін, сондай-ақ, қыз баланың тамақтануы, киінуі маңызды - маусым бойынша киім кию - қабынба аурулар қаупін төмендетеді.

Қыз бала жастайынан көптеген гинекологиялық аурулардың соңы бедеулікке әкелетінін ұғынған жөн. Аурудың орны толған уақытта жүктілікке ештеңе кедергі емес. Қандай да бір шегіне жеткен кезде жүкті болуға кедергілер шыға бастайды: жатыр түтігінің өтімділігі бұзылады, овуляция толыққанды емес немесе мүлдем тоқтайды. Бұл дегеніміз - гинекологиялық аурулар уақтылы анықталмай, сайма-сай емделмеген деген сөз. Сол себепті де алдын алу маңызды. Дәрігерге бару үшін күрделі асқынуларды күту қажет емес.

- Репродуктолог дәрігер ретінде жыныстық тәрбие туралы ойыңыз? Бұл тәрбиені кім, қашан және қалайша жүргізген жөн?

- Балалардың жыныстық тәрбиесін ертерек бастаған дұрыс. Әрине, бұдан кішкентай балаға жыныстық өмір туралы айту керек екен деп қалмаңыздар. Анасы қыз баланың немесе ер баланың гигиенасын туылған кезден бастап жүзеге асырады, 2-3 жасында қалай жуынып-шайыну, денесін, іш киімін және үстіңгі киімін таза ұстау қажеттілігін үйретеді. 5-6 жасында балаға қыз бала мен ұл баланың айырмашылығын түсіндіреді, мінез-құлық ережелерін үйретеді. Адам дамыған сайын ата-анасы келесі даму сатысын алдын-ала болжап, күтпегендікке және қорқынышқа жолықпауы үшін ол туралы қолжетімді ақпарат беруі тиіс. Қыз баланы алда етеккір тосатындығына біртіндеп даярлау қажет. Ер баланы да оның есею шамасына қарай ағзасында болатын өзгерістер туралы хабардар ету қажет.

Бұл - тек ата-аналардың міндеті ғана емес, баламен жұмыс жасайтын басқа да көптеген мамандардың міндеті. Балаға ағзаның дамуы мен секс туралы дәрігерлер мен басқа да білікті мамандар айтпаса, ол туралы бала сыртан, достарынан, құрбыларынан, ғаламтордан білетін болады. Ал ол жерде дұрыс ақпаратпен қатар көптеген зиянды ақпарат та бар. Бойжеткенге де, бозбалаға да жыныстық өмірге дайын болудың не екендігін, қаламаған жүктіліктің алдын алудың қандай әдістері бар екендігін айтып отырған дұрыс. Бойжеткеннің сақтанбаған жыныстық қатынас нәтижесінде жүкті болып қалуы мүмкін екендігін ұғына білгені жөн. Ықтимал жүктіліктің бойжеткен үшін ғана емес, жігіт үшін де жауапты болғаны маңызды.

Балаларды жыныстық тәрбиелеуге қарсы адамдардың бар екендігін мен білемін. Олар балалар өскен кезде барлығын білетін болады деп есептейді. Мен келіспеймін. Біз кәмелеттік жасқа жеткенге дейін жыныстық өмірді шектей немесе тыйым сала алмаймыз. Қазір статистика бойынша жыныстық өмірдің басы орташа алғанда - 14-15 жас. Бізде 18 жасқа дейін босанып, түсік те жасайды. Әр жасалған түсік - тәуекел бедеулік және бала көтеру жүйесінің көптеген ауруларына әкелуі мүмкін. Жыныстық тәрбиенің нәтижесі - өз денсаулығын күту, өз өмірін жоспарлау, өзінің болашақ балалары туралы алдын ала ойлау әдетіне әкелуі тиіс. Бойжеткен гинекологқа жылына 1 рет, ең жақсы дегенде 2 рет баруы тиістігін ұғынуы тиіс.

- Қазақстандық әйелдер факт бойынша түсікті қаншалықты жиі жасайды?

- Соңғы жылдары статистика дәрігерге бару пайдасына қарай өзгерді. Үлкен қалалардың жас тұрғын әйелдерінің 80-85%-ы гинекологқа үнемі барады. Қуантарлығы, жүктілер немесе денсаулығы бойынша проблемасы бар әйелдер ғана емес, алдын алу мақсатында да келеді. Мысалы, жүктілікке дайындалар кезінде. Жас адамдар да некеге дайындалып, спермограмма тапсыратын болды. Сондай-ақ, кемел жастағы әйелдер өз денсаулығына аса жауаптылықпен қарайтын болды, 45 жастан асқан соң маммографияға және басқа да көрсеткіштерге тегін скринингтен өтеді. Әрине, мұндай жағдай барлық жерде емес. Аса оптимистік нәтижелер дәстүрлі түрде ірі қалаларда байқалады.

- Дәрігерді қалайша дұрыс таңдаған, не нәрсеге назар аударған жөн? Заманауи гинекологияда пайдасы жоқ немесе тіпті зиянды тексерулер бар ма?

- Бұл - күрделі сұрақ. Бұрын бұл мәселе тудырмайтын: кеңес заманында әр әйел әйел кеңесіне тіркеліп, өз дәрігерін білетін еді. Бүгін таңдау көп. Сол себепті де «сарафан радиосы» жұмыс жасайды. Мен былайша тұжырымдаймын: дәрігерді қалай таңдаған дұрыс: дәрігер артық тексеру мен дәрі-дәрмек тағайындамауы тиіс, ол әр ұсынылған препараттың немесе анализдің қажеттілігін түсіндіруі тиіс, ол пациенттің барлығын дұрыс түсінгеніне және диагнозды немесе емдеу сызбасын түзетуі үшін “гуглдан іздеуге” немесе құрбыларымен кеңесуге жүгіріп кетпесіне көз жеткізуі үшін пациентімен сөйлесуі тиіс. Гинекологқа барғаннан кейін сұрақ қалмауы тиіс. Пациент пен дәрігер арасында психологиялық үйлесімділік болуы тиіс, ол дәрігердің қабылдауында болған сәтте ең басты мақсат - пациент әйел мен оның денсаулығы екендігін сезінуі тиіс.

- Бүгінгі таңда контрацепция, оның ішінде гормондық контрацепция туралы аңыздар әлі де көп-ақ...

- Ер балаға оңайырақ: оған жай ғана еркүйек сатып алса болғаны. Ал енді қыздарға мен мынадай кеңес беремін: лайықты контрацептив таңдамас бұрын тексеруден өтіңіздер, тексерілу сақтанудың оңтайлы тәсілін таңдауға көмектеседі.

1950 жылдары гормондық контрацепцияның пайда болуы үлкен серпін болды, әр жыл сайын ол аса қолжетімді және тиімді бола бастады. Соңғы 20-30 жылда оларды таңдауда дараландыруға мүмкіндік беретін көптеген препараттар ойлап табылды. Біздің заманда әйел гинеколгтың қабылдауына келген кезде тексеру жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша сол әйел үшін барынша қауіпсіз құрал тағайындалады. Таңдауда гормоналдық фон, артық салмақ, эндокринді аурулар, венаның түйінді кеңеюі, қант диабеті, ауырып жазылған Сары ауру немесе басқа да гепатиттер, жүрек-қан тамыр проблемалары, қан ұю көрсеткіштері әсер етуі мүмкін. Бігінгі таңда таңдау кең - 25-30-ға жуық әртүрлі препараттар бар, олардың әрқайсысы белгілі бір әйелдер шеңберіне келеді.

Көптеген бойжеткендер оңалудан қорқады. Қазіргі заман препараттары салмаққа болмашы дәрежеде әсер етеді. Дегенмен, салмақ қоссаңыз, емдәмді, физикалық белсенділікті түзету қажет. Алғашқы 2-3 айда біз әрдайым сынақтан өткіземіз, қажет болған жағдайда, препаратты ауыстырамыз. Қабылдағаннан кейін көңіл-күй жақсарып, ұйқы да түзелетін гормондық контрацептивтерді таңдап алуға болады. Мен барлығын жеке-дара таңдауды қолдаймын.

- Бүгін көптеген әйелдер бала тууды кейінге қалдырады немесе өздерін тіпті чайлдфриге жатқызады...

- Расымен де, бүгін Қазақстанда орташа тұрмысқа шығу жасы, тиісінше, бірінші баланың өмірге келуі – 28-30 жас, шетелде 30-дың сыртында. Әйелдің 35-38 жаста да сүйікті ер адамын кездестірмей, «өзі үшін» туғысы келмейтін жағдайлар да кездеседі. Біздің стратегия мынадай: 35 жаста біз әйелге өз жұмыртқа жасушасын қатырып қоюға кеңес береміз, болашақта мұндай әйелде ана болу мүмкіндігі болуы үшін. Кейбір компаниялар, мысалы, Microsoft әйелдердің мұндай процедурасының ақысын төлеп береді екен деп те естідік. Әйел 15-20-30 жұмыртқа жасушасына дейін қатырып қоя алады, олар біздің клиникада сақталатын болады, 40-45 жасында пайдалана алады. Айтпақшы, осы процедурадан соң, біздің бақылауларымыз бойынша, көбісі тұрмысқа жеңіл шығады, бейнебір қандай да бір доминанта кеткендей.

Сонымен қатар, қазір жұмыртқа жасушаларының қорын бағалау мүмкіндігі бар. Дәрігер антимюллеров гормонының (АМГ) деңгейін бағалайды. Кейбір әйелдерде ол 28 жастың өзінде төмен болуы мүмкін, 35 жасқа таман жүктілік өз бетімен болмауы да мүмкін. Дегенмен, дәрігер тәуекелдер туралы тек ескертеді, одан әрі біздің араласу шекарамыз жабық - әйел бар шешімді өзі қабылдайды.

Мемлекет біздің аз екендігімізді түсінеді: Қазақстандағы туылым соңғы 5 жылда түсіп кетті. Бұдан басқа, некедегі бедеулік жиілігі 15-18 % деңгейінде, бұл да демографиялық ахуалды нашарлатады. Жарты жағдайда дерлік біздің пациенттерге қосалқы репродуктивті технологиялар (оның ішінде ЭКҰ) көмегімен көмектесуге болады. 2021 жылы тегін ЭКҰ бағдарламасына 7000 квотаның бөлінгендігі қуантады. Екіншіден, бұл медициналық қана емес, әлеуметтік, қаржылай да проблема. Көптеген жас отбасылар бала тууды қарапайым тұрғын үй-тұрмыстық проблемалар салдарынан, жөнсіздіктен, табыстың болмауынан кейінге қалдырады.

- Көптеген әйелдер климакстан қорқады, ол туралы айтуға да қорқады.

- Климаксқа дайындалған жөн. Орташа алғанда, қазір климакстың келуі уақыты - 45-50 жас. Біреуінде ерте, біреуінде кеш. Кеш келген де жақсы емес. Жоғары гормондық белсенділік салдарынан онкологиялық аурулар қаупі бар. Климакс - әйел өміріндегі аса қауіпті кезеңдердің бірі. Әйел адам тұрақты түрде жылына 2 рет гинекологқа тексерілуі тиіс, сүт бездерінің, жатырдың, жатыр мойнының жағдайы бойынша тегін скрининг бағдарламаларынан өтіп отыруы тиіс. Егер де денсаулығында бұрын білінбеген проблемалар пайда болса, оларды дәрігермен талқылауы тиіс.

Осы уақытта әйелдің жыныстық гормоны деңгейінің төмендеуінен әйел несебінің тоқтамауы, жүрек-қан тамыр аурулары, лықсу, тітіргенгіштік мазалауы мүмкін. Дәрігер тексеруден соң гормонмен емдеуді алмастырғыш ем ұсынуы мүмкін. Қазіргі таңда мысалы, өсімдіктен алынған тиімді препараттар бар. Емді ұзақ, жылдар бойына қолдануға болады. Осылайша, әйел өзінің толыққанды өмірінің сапасын 60-70 жасқа дейін ұзартады: сыртқы кейпі де, тері тургоры да, жыныстық өмірінің сапасы да жақсарады. Бүгінгі таңда, өкінішке орай, осы мәселені қарастыратын мамандар көп емес. Бірақ, әйелдердің келуі көбейсе мамандар да көбейеді.

- Менің түйсігім әйел денсаулығы тақырыбы - тыйым салынған тақырып дейді. Оны талқылау кезінде ұят болмас үшін не істеу қажет?

- Мен «білу мен өзін-өзі тану» мен қоғамда кез келген тақырыпты БАҚ мен фильмдер арқылы шексіз талқылау арасында жіңішке шектің бар екендігін байқаймын. Менің ұстанымым - кертартпа: өз денсаулығың туралы әңгіме дәрігермен ғана жүргізілуі тиіс. Қазіргі таңда қолжетімді әдебиет көп, жақсы дәрігерлер мен психологтар көп. Сексуалдық тұрғыда проблема бар ма? Ол туралы гинеколог дәрігерлер айтуға үйренген. Сонымен қатар, сексологқа, психологқа жүгінуге болады. Әрине, адамға өмір бір-ақ рет беріледі, сол себепті өмірдің осы саласынан ләззат алу - маңызды. Бірақ, мен, ұят сезімін сақтау маңызды деп есептеймін. Барлығын жария етуге мен қарсымын.

- Бүгінгі таңда өз денсаулығын бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін қосымшалар көп. Пациенттерге қайсысын ұсынасыз?

- Денсаулық мәдениеті дегеніміз тамақтану мәдениеті, белсенділік мәдениеті екендігін ұққан маңызды. Әйелге газдалған коланы ішсе, салмақ қосып, қант диабеті қаупі де артатындығын ұғынған маңызды. Генетикалық скринингтен өтіп, нақты адамға қандай тағамның, физикалық жүктеменің, дәрі-дәрмектің келетінін білуге болады. Қазіргі уақытта бұл қызмет қолжетімдірек - 300 доллар, бұрындары бірнеше мың төлеу қажет болатын еді.

Технологиялар біраз ілгеріледі: біздің уақытта телефон - өз денсаулығыңды сақтауға арналған жақсы ақпараттық құрал. Әйелдерге де, ерлерге де күніне қанша километр жүріп өткендігін білген маңызды. Пульсін бақылап отыру. Өзінің етеккір циклін күнтізбеге белгілеп қою. Желінген және ішілген калорияны есептеу. Сондай-ақ, әйел денсаулығы тақырыбына жақсы ақпараттық ресурстар да бар, олардан тексерілген ақпаратты алуға болады.

Әйел денсаулығы саласындағы сарапшы рөлін Gedeon Richter компаниясы өз мойнына алды.

Жазып алған Ольга Пастухова

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.